ТОП просматриваемых книг сайта:
Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару. Өтеғали Шеденов
Читать онлайн.Название Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару
Год выпуска 2014
isbn 978-601-04-0673-5
Автор произведения Өтеғали Шеденов
Жанр Зарубежная образовательная литература
Издательство КазНУ
2-кестеде сандық және пайыздық түрде әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздіктің шектік көрсеткіштері жазылған, егер осы көрсеткіштерден асып кетсе онда Қазақстанның экономикасына қауіп төнеді.
Енді осы кестедегі көрсеткіштерге тоқтала кетсек, онда біріншісі ЖІӨ-ге қатысты инвестицияның көлемі 25 %-дан кем болмау керек. Инвестиция дегеніміз экономиканың қаны десек те болады. Көрсетілген өлшем бойынша мемлекеттің даму функцияларына назар аударғанда Қазақстанның ілгері тұрғандығы байқалады (39 %). Бірақ, капиталды сыртқа шығару индикаторы бойынша артта қалып отыр – 1,4 %. Басқа елдерге келетін болсақ, бұл көрсеткіш дамыған елдерде – 9,8 %, өтпелі экономика елдерінде – 7,7 %, дамушы елдерде – 11,6 %. Әлемдегі дамыған мемлекеттердің өзі инвестицияға таласып, көптеген инвесторларға преференциялар жасайды және инвест форумдар жинап отырады, демек инвестициясыз ешқандай мемлекет дами алмайды. Оған дәйек болатын жайт – әлемдегі инвестицияның тең жартысы АҚШ-тың экономикасына салынады.
Мысалы, Қазақстанның және Ресейдің ұлттық қорындағы миллиардтаған долларлар американдық бағалы қағаздарына портфельді инвестиция түрінде салынып отыр. Ал олар осылай өздерінің бюджет тапшылығын жабады. Жыл сайын Қытай Халық Республикасына тартылған тікелей және портфельді инвестициялардың, оның ішінде тікелей инвестициялардың көлемі артып отыр. Тек 2010 жылы Қытайға 600 миллиард АҚШ долларындай инвестиция салынды. Сонымен қатар, инвестицияны сырттан тарту ғана емес, белсенді түрде басқа елдерге инвестициялар құю да мемлекетке өте керек. Себебі, үлкен көлемдегі қаражаттың елдегі шоғырлануы оның инфляциясының артуына және ақша құнының инфляциямен желінуімен өтеді. Сондықтан, қай мемлекет болсын инвестицияларды сыртқа салуға тырысады. АҚШ капиталды тарту мен сыртқа салу жағынан мысалы, ешкімге орын бермей келеді. Алайда, сыртқа инвестиция салу бойынша тек мемлекеттің қаражатын санасақ, онда 2011 жылы Қытай бірінші орынға шығып, керек десеңіз Дүниежүзілік банктен озып кетті. Дүниежүзілік банк 100 млрд.доллар, Қытай үкіметі 116 млрд. АҚШ долларына тікелей инвестиция салған. Дағдарыс дендеді деген 2008-2009 жылдардың өзінде қытайлықтар АҚШтың көлік өнеркәсібінің, Африканың мұнай-кен орындарының және Қазақстанның мұнай-газ саласындағы компанияларының біразын сатып алды. Қазақстан болса, Румынияның Котреігоі компаниясын сатып алды. Бұл компанияға мыңдаған жанаржағармай станциялары мен мұнай өндіру зауыттары тиесілі. Сонымен бірге біздің компаниялар Грузиядағы Тбилгаз және Тбилтелеком компаниясын сатып алған, осылайша сыртқа тікелей инвестициялар құйылып жатыр десе де болады.
Сыртқа инвестиция салу сол елдің өндірістерін бағынышты ету тәсілі. Тарих көрсеткендей, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-та Маршалл жоспары қабылданып, миллиардтаған қаражатты соғыстан әлсіреп қалған Еуропаға инвестиция ретінде ақша салған. Содан бері, біразға дейін еуропалық мемлекеттер