Скачать книгу

жүргізіп отыр. Себебі, оның ғылыми қауқары зор пайда әкеліп, өздерінің қорғаныс саласын күшейтіп отыр.

      Финляндияның экономикасы ең инновациялы болғандықтан, оның өзіндік құны төмен болады және заманауи болғандықтан, экономикасы бәсекеге қабілетті болып отыр. Ал АҚШ-қа келсек, американдық университеттерде ғылымға бөлінетін қаражаттың көлемі өте жоғары. Мысалы, Гарвардта ғылымға бөлінетін қаражат көлемі 28 млрд. АҚШ доллары. Ғылымды дамыту арқылы бар шығындарды азайтуға болады. Сонымен қатар, білімге бөлінетін қаражат мөлшері ЖІӨ-нің 10 %-нан төмен болмауы керек, алайда бізде сол меже пайыздық үлеске де жетпей отыр. Білім сапасы төмендесе, онда ешқандай ғылым саласы дамымайды.

      Осылайша, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігінің индикативті үйелерін анықтаудың шетелдік және отандық әдістерінің көп жерде ортақ сипаттамалары бар, бірақ әр әдіс үшін әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті бағалаудың және мониторингін жасаудың өз әдістемесі тән.

      Айта кету қажет, қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік теориясында экономиканың критикалық нүктелерін көрсететін индикатор-көрсеткіштерді пайдалану арқылы экономикалық қауіпсіздікті талдау және бағалау әдісі анағұрлым өзекті болып отыр. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігінің критерийлері мен көрсеткіштері жүйесін әзірлеу келесі жалпы әдістемелік белгілерді қолдануға негізделуі тиіс: біріншіден, жиынтықтық, зерттеу объектісінің барлық жақтарын талдау және есепке алу қажеттілігі; екіншіден, жүйелік, байланыстылық пен өзара байланыстылықтың қатарын есепке алу; үшіншіден, нұсқалылық (альтернативтілік), дағдарыстық ахуалдан шығудың бірнеше нұсқасын негіздеу, төртіншіден, тәуекелдің жеткілікті деңгейі, яғни, шекті жайттардың пайда болуын болдырмауды анықтау және іске асыру.

      Шетел мен отандық ғалымдардың әдістемелерінің сынамалы зерттеуіне сүйене отырып, зерттеуде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігі көрсеткіштерін анықтаудың кешендік әдісі қалыптастырылды, ол мемлекеттің тұрақты даму критерийлерін ескереді: тұрақты экономикалық өсу, әлеуметтік тұрақтылық, экологиялық тұрақтылық және т.б. Шекті мәндер ретінде негізге орташа республикалық мәндер алынады, олар әлемдік тәжірибе, мәндер, бекітілген нормативтік актілер, сарапшылар пікірлерін ескере отырып, толықтырылады. Тұрақты экономикалық өсуді сипаттайтын мемлекеттік деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздіктің іріленген көрсеткіштерін 2-кестеден көруге болады (2-кесте).

      Мемлекеттегі аймақтардың әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік мәселесі де айырықша мәнге ие. Аймақ экономикасының барлық салаларының жұмыстарын жалпылайтын индикаторлардың бірі жан басына шаққандағы ЖАӨ болып табылады. Бұл өте маңызды көрсеткіш, өйткені ол аймақ тұрғындарының материалдық мүмкіндіктерін көрсетеді, ал берілген аймақ тұрғындарының төмен материалдық мүмкіндіктері түрлі экстремистік көңіл-күйлерді қолдауға ықпалын

Скачать книгу