Скачать книгу

валюталық курс жағдайындағы ақша ұсынысы, жоғарыда атап өтілгендей, Орталық банкі жариялаған деңгейдегі валюталық курсты демеу саясаты жүзеге асырады. Бұған байланысты экономиканы реттеудің монетарлық әдістері тепе-теңдікті қамтамасыз ету қажеттілігімен қайшылыққа түседі.

      Егер де ОБ ақша ұсынысын өсіруге тырысатын болса, онда отандық валютаның нарықтық бағамы төмендей бастайды. Бірақ та ресми бағам бұрынғыдай қала беретіндіктен, отандық валютаны нарықтықпен салыстырғандағы жоғары ресми бағам бойынша Орталық банкіге сату белсенділігі артады, бұл ақша массасының бастапқы деңгейіне дейін төмендеуіне алып келеді. Ынталандырушылық әсерге тек қана ұлттық валютаның девальвациялануы жағдайында ғана қол жеткізуге болады.

      Осылайша бекітілген валюта курсы жағдайында кредиттік-ақша саясаты жарамсыз, алайда бекітілген валюталық курс режимі ақша саласындағы күйзелістердің салдарын, ұлттық кіріс деңгейін тұрақты ұстап, қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

      Бекітілген валюталық курс жағдайындағы фискалдық әдістер, керісінше өте нәтижелі болып табылады.

      Үкімет мемлекеттік шығындарды көтеру жолы арқылы жиынтық сұранысты ынталандыру міндетін қойды деп елестетейік. Мұның нәтижесінде IS ирегі 7-суретте көрсетілгендей оңға қарай жылжиды (IS1 IS2).

      7-сурет. Бекітілген валюталық курс жағдайындағы ынталандырушы фискалдық саясат.

      IS ирегінің жылжуы үш еселенген тепе-теңдікті бұзады, себебі і1 пайызының ішкі ставкасы әлемдіктен жоғары болып шығады.

      Біз білетініміздей, пайыздың ішкі ставкасының жоғарылауы елге шетел капиталының ағынын тартады, бұл отандық валютаға деген сұраныстың өсуіне алып келеді. Валюталық курстың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Орталық банкі ақша ұсынысын өсіруге мәжбүр болады, мұның нәтижесінде LM1 ирегі LM2 күйіне қарай оңға жылжиды. Осылайша Ү2 жоғарырақ ұлттық кіріс мәні мен і = іz пайыздық ставкасы жағдайында жаңа үш еселенген тепе-теңдік орнайтын болады.

      Пайыздық ставка өзгермегендіктен, жеке инвестицияларды ығыстыру әсері болмайтынын атап өту керек, және де жабық экономика жағдайымен салыстырғанда мемлекеттік шығындардың өсуінің мультипликативтік әсерінің әрекеті толық көлемде болады.

      Осылайша, бекітілген валюталық курс жағдайындағы фискалдық саясат пәрменді болып шығады, себебі үш еселенген тепе-теңдік сақталғанда ғана жиынтық сұраныс мен шынайы ұлттық кірістің өсуіне алып келеді. Бұдан басқа, осы тәріздес нәтижелерге импортқа шек қоятын протекционистік шаралар арқылы да қол жеткізуге болады.

      Жүзбелі валюталық курс жағдайында фискалдық саясат, керісінше, тиімсіз болып қалады. Мұның себебі IS-нің оңға жылжуы шақырған пайыздың ішкі ставкасының өсуі елге шетел капиталының құйылуына алып келеді және отандық валютаға сұранысты арттырады. Отандық валютаға сұраныстың өсуі валюталық курстың өсуін қозғайды, бұл таза экспорттың қысқаруына алып келеді. Таза

Скачать книгу