Скачать книгу

керек.

      ♦♦♦ Сонымен қатар, Маңғыстау облысы мен жалпы Қазақстан нарығын зерделеу үшін, «X» компаниясының жергілікті ұйымдардың консалтингтік қызметтерді пайдалануы қажет.

      ♦♦♦ «X» компаниясының өзі еншілес қызметтерді ұсыну арқылы, осы өңірдің жас және перспективалы бинзесмендерін тарта алады. Осылайша, компания өзіне жергілікті нарықты жақсы білетін бизнес-серіктестерді таба алады.

      Кейс 6

      X компаниясы, жоба дайындады, осы жоба қоршаған ортаға кішігірім ғана нұқсан келтіреді деген болжамда болды.

      Сұрақ: Осы жағдайда қоршаған ортаға әсерді бағалау қажет пе? Қоршаған ортаға әсерді бағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру және қаржыландыру үшін кім жауап береді? Қоршаған ортаның қандай элементтеріне әсерді бағалау жасалады?

      Шешім:

      36 бап, 2 тармақ: Қоршаған ортаға әсер ететiн шаруашылық және өзге де жобаларды, қоршаған ортаға әсерiн бағаламай әзiрлеуге және iске асыруға тыйым салынады. Әсердi бағалау нәтижелерiн жоспарлау алдындағы, жоспарлау құжаттамасының, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының ажырамас бөлiгi болып табылады

      38 бап, 2 тармақ: Қоршаған ортаға әсердi бағалау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыруды жоспарланып отырған қызметтiң тапсырыс берушiсi (бастамашысы) қамтамасыз етедi.

      39 бап, 2 тармақ: Қоршаған ортаға әсердi бағалау процесiнде:

      1) атмосфералық ауаға;

      2) жер үстi және жер асты суларына;

      3) сутоғандары түбiнiң беткi жағына;

      4) ландшафттарға;

      5) жер ресурстарына және топырақ жамылғысына;

      6) өсiмдiктер дүниесiне;

      7) жануарлар дүниесiне;

      8) экологиялық жүйелердiң жай-күйiне;

      9) халық денсаулығының жай-күйiне;

      10) әлеуметтiк салаға (халықты жұмыспен қамту, бiлiм беру, көлiк инфрақұрылымы) әсердi бағалау жүргiзiледi.

      Дәріс 7-8. Табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық мүмкінді шектері

      Дәрістің мақсаты: табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық мүмкінді шектерін анықтау

      1. Табиғи ресурстарды пайдаланудың принциптері

      2. Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін ақы төлеу.

      3.Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру

1. Табиғи ресурстарды пайдаланудың принциптері

      Адамзат ежелгі уақыттардан бері экологиялық шараларды аңғармай жүзеге асырды. Өсімдіктерді сақтап қалу мақсатында бір аумақтан екіншісіне мал айдап көшті; балық аулайтын орындарда балықтарды жемге үйретті; аумақты дауыл құлатқан ағаштан және арамшөптерден тазартты; құстарды ұя салу кезінде, кәсіптік жануарлардың төлдеуі немесе кәсіптік балықтардың уылдырық шашқан кезінде аулауға тыйым салды. Ғылыми-техникалық төңкеріс адамның табиғатқа ықпал ету қарқынын шұғыл күшейтті. Сондықтан адамның іс-әрекетін табиғатпен өзара әсер кезінде қатаң реттеу қажеттігі туды. Барлық елдерде адамның табиғи ортаны реттеу

Скачать книгу