ТОП просматриваемых книг сайта:
Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі. Қ. Абубакирова
Читать онлайн.Название Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі
Год выпуска 2015
isbn
Автор произведения Қ. Абубакирова
Жанр Учебная литература
Издательство КазНУ
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi iс-шаралардың орындалуы зардап шеккендер санын төмендетуге және келеңсiз салдарлардан материалдық зиянды азайтуға мүмкiндiк бередi.
Сұрақтар:
1. Жаһандық экологиялық қауіптер дегеніміз не?
2. Климаттың өзгеруі қалай болады?
3. Озон қабатының бұзылуы қалай болады?
4. Биоәртүрлілікті сақтау неде?
5. Өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар дегеніміз не?
6. Экологиялық апат аймақтары дегеніміз не?
7. Трансшекаралық сипаттағы мәселелер неде?
8. Байырғы ластанулар неде?
9. Су ресурстарының сарқылуы және ластануы қалай болады?
10. Жердің шөлейттенуі және тозуы неде?
4, 5, 6.Тақырып «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының өзекті экологиялық проблемалары»
Сабақтың мақсаты – Қоршаған ортаны қорғаудың принциптері мен әдістері, табиғи ортаның тұрақты даму процесстері, себептері мен салдарлары.
Негізгі сұрақтар
1.Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының өзекті экологиялық проблемалары
2. «Тұрақты даму» ұғымының пайда болу тарихы
3. Тұрақты даму тұжырымдамасы
4. Тұрақты даму деңгейлері
5.Әлеуметтік экологияның даму кезеңдері
Әдебиеттер
1. «Жалпы экология», С.Ж. Колумбаева, Р.М. Білдебаева Алматы, Қазақ Университеті, 2006;
2. «Қоршаған орта», оқу құралы, Е. Мамбетказиев, Сыбанбеков Алматы, Қайнар, 1990;
3. Торыбаев, Х.Қ. Қоршаған ортаны қорғау терминдеріне байланысты орысша-қазақша түсініктеме сөздігі / Хисаметдин Қалдыбайұлы Торыбаев; ҚР Білім және ғылым м-гі, Қаз. мем. қыздар пед. ин-ты. – Алматы: Қаз. мем. қыздар пед. ин-ты, 2005.
4. Экологическая безопасность: Защита территорий и населения при ЧС. Учебное пособие/А.С.Гринин, В.Н.Новиков- М.: ФАИР-ПРЕСС,2002.
5. Айдосов, А. Теоретические основы прогнозирования природных процессов и экологической обстановки окружающей среды / Аллаярбек Айдосов; А. Айдосов, Н. С. Заурбеков; М-во образования и науки РК. – Алматы: Қазақ ун-ті, 2000
Кейс 4
Қоқыстарды пайдаға асыру
Соңғы уақытта үкімет, дәлірек айтсақ, бірқатар үкіметтік ұйымдар, экологияны қорғау мәселелеріне көп көңіл аудара бастады. Бұл, әсіресе, ірі қалалардағы экологиялық жағдайдың төмендеуімен байланысты. Осыған себебшілердің арасында қоқыстың бақылаусыз шығарылуы және оны дұрыс қаттап тастамау немесе пайдаға армау сияқты әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады.
Алайда қала экологиясына ең үлкен келеңсіз жағдайды санкцияланбаған, тікелей қала аумағында орналасқан ұйымдастырылмаған ресми қоқыс тастайтын жерлер келтіреді. Осындай қоқыс тастайтын жерлердегі