Скачать книгу

қол жеткізуге болады.

      Институттағы қол жеткізген негізгі жетістігім – Қазақстанның Өңірлік даму бағдарламасы болды. Қай өңірде экономиканың салаларын дамыту қажет, тұрғындардың ел ішіндегі көшін қалай жоспарлау қажет, қандай экологиялық қауіпті аймақтарда адамдарға тұруға болмайды, соның бәрін зерделедік.

      Картада қызыл белгімен белгіленген өңірлерде адамға тұруға болмайды, себебі, өмірі мен денсаулығына зияны бар. Бұл картаны бізге дейін Экология министрлігі құрастырған. Бірақ, ешкім қолданбапты. Біз соны кездейсоқ тауып алып, Өңірлік даму бағдарламасына кіріктірдік. Презентация кезінде қызыл белгі соғылған жерлерде адамға тұруға болмайды дегенді қадап айттым.

      Үкімет бағдарламаны қабылдады. Алайда, толық орындамады. Сондықтан, оған жүктелген міндет толық ақталмады. Бұл – жалпы Үкімет қабылдап, Парламент мақұлдап, бірақ орта жолда тастаған көп бағдарламаның бірі еді.

      Біздің елде бағдарламалар тиімсіз. Бірінен кейін бірін қабылдап жатты. Бюджетсіз немесе жарым-жартылай бюджеті бар, алайда аяғына дейін жүзеге асырылмай, жаңаларын қабылдап жатады.

      Бағдарлама – анық, әрі түсінікті болу керек. Үкімет сайтында жариялануы тиіс болатын. Мақсаты – міндеті – іс-шаралары – қайда және кім жауапты (тікелей) – мерзімі. Үздіксіз есеп беру. Мерзімі өзгерсе, не бюджет өзгерсе – соның бәрі сайтта түсініктемесімен жариялануы тиіс еді. Кейін соттасып отырмау үшін.

      Президент әкімшілігіне қарасты Жүйелі зерттеу орталығы

      2005-жылы мені ҚР Президенті әкімшілігіне қарасты Жүйелі зерттеулер орталығының меңгерушісі етіп тағайындады.

      2005-жылдың ақпаны. Мен Президентпен сұқбаттасуға ұшып келдім. Президент резиденциясы – Ақорда маңында адамды ұшырып кетердей жел ұйытқи соғып тұр. Әркез құска ұқсап ұшқым келетін. Бірақ, жел ұшырып кетіп, сұқбаттан қап кеткенім жөн болмас еді…

      Президентке кірмес бұрын Әкімшілік басшысының орынбасары қобалжып, артық нәрсе айтып қоймас па екен деп әбігерленіп тұрғанын ескертті. «Артық нәрсе» дегеннің не екенін өзім онша түсіне қоймадым. Президенттің барлық сұрағына нақты жауап бердім.

      Кабинетіне кіргенімде ол кісі үстел басында отыр екен. Қатты шаршаған, қабағы қатулы. Амандасты да: «Отыр!» – деді. Қайдан келгенімді, қандай білім алғанымды сұрады. Сосын елдің жағдайын талқылауды бастап кеттік. Жүйелі зерттеу орталығының міндеттерін әңгімеледік. Сұқбатымыз қырық минутқа созылды. Кездесудің аяғына таман көңіл күйі көтеріліп, маған сәттілік тіледі.

      Жүйелі зерттеу орталығында бар болғаны 10 адам істейді. Әрбірі – өз саласының маманы. Міндетіміз – өзге елдердің тәжірибесін зерттеу, елдегі жағдайды сараптау, ұсыныстар даярлау.

      Сол кездегі ұсыныстың бірі – тұрмысы нашар және жас отбасылар үшін арендалық баспана салу болған. Арендалық төлемі арзан, 10 жылдан кейін әр отбасының атына аударылатын жүйе еді. Бұны бүкіл өңірлерге енгізуді ұсындық. Мұндай ұсыныстарды ел ішінде жүзеге асыратын міндетті құрылымдар

Скачать книгу