Скачать книгу

өзім хабарласып, сұқбатқа шақыра бастадым. Немесе сондай маманды білетін адамға хабарласатынмын. Сосын кездесуге барып, сол саланың ахуалын, проблемасын, қалай дамытуға болатынын сұрайтынмын.

      Бірде сондай бір кездесуге егде кісі келді. Бұған дейін ол кісіні танымайтынмын. Бірнеше минут сөйлескеннен кейін үлкен кісі бетіме қарап: «Қызым-ау, саған мұның бәрі не керек? Сен отбасыңмен айналыссаңшы», – деді. Бірақ, менің табандылығымды көріп, өз саласы туралы әңгімелеп берді.

      2001-жылы жаңадан тағайындалған, үшінші СЖА төрағасымен электронды үкімет моделін жасадық. Мен сонда да елдің дамуы үшін ең маңыздысы – салаларға керек инвестиция екеніне басымдық бердім. Кәсіби практиктермен жасалған сараптамаларды қайта тапқызып, қайта қарастырдық. Сол сараптамаларды графиктерге айналдырдық. Электронды үкіметтің Президентке жасайтын демонстрациясына қолдандық. Демонстрация кезінде менің блогымды көрсетпей тастады. Бірақ, оған бола алаңдамадым. Ең бастысы – жүзеге асыру деп ойладым.

      Алайда қайтадан реорганизация басталып кетті.

      Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

      Біздің елде мемлекеттік органдардың реформасы үздіксіз жүріп жатады. Мемлекеттік органдар жасақталады, сосын таратыла бастайды. 2001-жылдың күзінде кезекті реформа болды. Стратегиялық жоспарлау агенттігін жойды. Ел үшін жеткілікті стратегия жасалды деп есептесе керек.

      Экономикалық жоспарлау мен бюджеттік жоспарлауды біріктірді. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін құрды. Екі министрліктің қызметін бір ізге түсіру үшін бір жыл уақыт кетті.

      Экономикалық жоспарлау қызметі мен мемлекеттік қаржыландыру қызметтерін біріктіруге тырысты. Бюджеттік жоспарлауды үш жылдық жылжымалы графикке көшірді. Бір жағынан экономикалық жоспар мен бюджетті бір министрлікте есептеген логикалық тұрғыда дұрыс сияқты. Бірақ, онда салалық министрліктерді қайтпек – Өндіріс, Энергетика, Ауылшаруашылық, Еңбек министрліктері не болмақ?

      Мен Министрлікте Өңірлік саясат пен бюджетаралық қатынастар департаменті директорының орынбасары болдым. Сол жылдағы басты міндеттің бірі – Азия даму банкімен әлеуметтік салаға қатысты келісімге дайындық жасау еді. Біздің департаментте осы келісімді дайындау жұмысына менімен бірге өте білімді, елгезек жас қыз атсалысты, ол да баяғы мен секілді мемлекеттік қызметті ішпыстырарлық жұмыс деп ойлайтын. Бір жылдан кейін ол өз жұмысы туралы: «Жұмыста тек сол бір Келісім ғана қызықты болған еді», – деді.

      Экономикалық зерттеулер институты

      Министрлікте бір жыл істедім. Сосын мені Алматыдағы Экономикалық зерттеулер институтына ауыстырды. Кеңес заманында бұл Мемжоспарлау институты болған. Қазақ КСРО-ның басты экономикалық институты еді.

      Мен Алматыға келгенде институт орналасқан сұр ғимарат жарым-жартылай бос тұрды. Институт Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің сараптамалық тапсырыстарын орындайтын (баяғы

Скачать книгу