ТОП просматриваемых книг сайта:
Оқжетпес. Джан Амании
Читать онлайн.Название Оқжетпес
Год выпуска 2019
isbn 978-601-7588-36-6
Автор произведения Джан Амании
Жанр Современная зарубежная литература
Издательство Фонд "Аспандау"
Ақсақалдар ертеде осы ауылда даңқты әйел тұрғанын сөз етеді: оның мінезі момын, көздері мейірімге толы, шашы ұзын болған. Ол таңертең шаштарын өріп, ал түстен кейін оның жалғыз ұлы бұрымын әшекейлеген сыңғырлаған шаш- бауымен ойнайтын. Сәби анасының иығында ұйықтағанды жақсы көретін және оның ұйқыға берілгені соншалық балалардың айқайы да, иттердің үргені де баланы оята алмайтын. Әйел ұлын ерекше әлпештейтін. Алайда бір күні ол жоғалып кетті.
Баланы анасы ұзақ іздеді, ұлының тау көліне батып кеткенін білгенде, ол қайғыға шыдай алмады. Ана бүркіт те әйел қайтыс болғаннан кейін аспанға көтерілген еді, ал тұрғындар жұбаныш таппаған ананы дәл осы бүркітке айналды деп ойлады. Жылаған бала даусын естігенде ана бүркіт жақын жерде пайда болып, сәбилердің бетіндегі жас құрғағанша ұшып кетпейтін.
Қанша жыл өтсе де күн сайын адамдар көктегі ана бүркітті көріп, ол ауылды бәле-жаладан қорғайды, балалар жылап, аналар қайғырмас үшін туған жерінде бөгде жандардың құйтырқы ойларына жамандық жасауға жол бермейді деп сенді.
Досжан ата және оның оқиғасы
Мейірімді және адал жан Досжан ақсақалдың көптеген бастан кешкен оқиғалары болатын. Досжан бүкіл өмірін туған ауылында өткізді және өткен-кеткеннің бәрін есінен шығармайтын. Бүркіт пен көл туралы аңызды ол ерекше махаббатпен айтатын: ол ана бүркіт Өткіркөздің қарапайым құс емес екеніне шын жүректен сенді…
Қария Көксу көлі туралы айтқанды да ұнататын. Биік тауда орналасқан көлді ауыл тұрғындары қастерлейтін. Ақсақалдар бұл жерде бұрын терең шатқал болғанын, бірақ жер сілкінісінен кейін ол көлге айналғанын айтатын. Түсі көк болғандықтан, ол аспанмен бірігіп, көлдің қайдан аяқталып, аспанның қайдан басталатынын әрдайым анықтау мүмкін болмады…
Тек жел соғып, судың беті шымырланып бұжырланған кезде ғана аспан мен толқыған тау көлін адамдар ажырата алатын еді. Мөлдір көк суы үшін тұрғындар көлді Көксу деп атады.
Кейде күннің ыстығы басылған кезде жастар Досжан ақсақалдың дастарқанында жиналып, балалар өз сүйікті ауылы туралы әңгімелерді тыңдауға жүгіріп келетін.
Досжан атаның қазақи тазы тұқымды өте ақылды иті болды, ол оны Алапар деп атайтын. Итсіз аңшылықтың өзі ақсақалға қуаныш сыйламай, ауланың іші де бос көрінетін. Досжан ата итін шақырып алып, жотасын жаймен сипап тұрып, өз әңгімесін бастайтын:
– Әр ауылда мешіт пен мектеп бола бермейді, бұл – шындық. Қымбаттыларым, біздің жолымыз болды. Ал егер ана бүркіт пен мына менің итім болмаса, тіптен басқаша өмір сүруші едік…
Ол кезде жас болдым, пысық, білімқұмар едім. Мен тау көліне барып, құстарды тыңдап әрі ауасымен тыныстағым келді. Итім Алапарды шақырып, атқа мініп, тау соқпағымен жоғары тарттым. Менің көзіме күн сәулесінің төгілгені соншалық, қалпағыммен тасалауға тура келетін. Қалпағымды көзіме түсіріп, оның астынан жолға қарадым, ал Алапар болса қасымда жүгіріп жүрді, мені қалдырмады… Кенет ол қатты қобалжып, қыңсылай бастады. Содан соң күн бұлттар арасында ғайып болды, мен өзімді жайсыз сезіндім, ал жылқым болса қатты кісінеп жіберді… Айнала лезде қараңғыланды…
«Жаңбыр жауайын деді ме», – деп ойлай бергенде жоғарыда бірдеңенің ұшып бара жатқанын естідім. Қанаттарын қатты соғып, жақындай түсті… Мен асығуым керек екенін түсіндім. Ауыздықты тарттым, атым шаба жөнелді. «Менің итім жақын жерде, оның жанында онша қорықпаймын», – деп ойладым.
Соқпақтан орманға қарай бұрдым, ал жүрегім кеудемде қатты соғып тұрды… Бірақ мен өтуге болатын тіпті тар жолды да байқамадым, ал айналадағы орман бейтаныс болып көрінді… Мен қысылып, иығымды көтеріп, басымды шайқадым да: «Жолды ұмытатындай әлі қартаймадым ғой», – деп ойлап, терең күрсіндім. Жан-жағыма қарап, алыстағы тау көлін көрдім. Мен көлге әдеттегі үйреншікті жағынан келмегенімді түсіндім… Аттан түсіп, орман арқылы Алапардың ізімен жүрдім.
Көлге жеттік. Аспанда күн қайта пайда болды… Бала кезден таныс көл өзіне ұқсамады. Судың бетінде айнадағыдай шағылысып бұйра бұлттар көрінді… Күн сәулесін төгіп, асыл тастар сияқты жарқырап тұрды… Сұлулықтан есеңгіреп, балалық шағымды еске түсіріп, көлге және табиғатқа сүйсініп қарадым… Кенет жақын маңдағы ағаштар шуылынан, қанаттардың қатты даусынан айналаға жалт қарамау мүмкін емес еді. Тіпті Алапар да жалт етті… Бұл ана бүркіт еді.
Біздің ауылда оны Өткіркөз деп атайтын. Оны ерекше санайтын, өйткені ол бүркіттердің әдетте қараңғыда ұшпайтынына қарамастан күнде де, түнде де көрінетін еді. «Неліктен ана бүркіт маған көрінді? Шамасы, бұл кездейсоқ емес», – деп ойладым ішімнен. «Демек, бір маңызды нәрсе болуы керек… Мен оған жан-тәніммен сенемін, өйткені әкем мен атам да рухтар біздің ауылды зұлымдық пен жамандықтан қорғайды деп сенген…»
Осы жерде Досжан үнсіз қалды, ал балалар бұл оқиғаны бірнеше рет естігенімен, құлақ түріп тыңдады. Досжан қария күлімсіреп, итінің құлағының астын қасып қойып, әңгімесін жалғастырды:
Конец ознакомительного фрагмента.
Текст