Скачать книгу

Жошы мен Шағатай ұлыстарының бірдей кұрамында болған Арғынот/Ариканут руы жөнінде білген. Қағанатта бұрын «түрк» сөзі «ондық одағы» мағына берген. Егер Арғын/Аргун сөзінің монгол тілінде де дәл сол мағына беретініне назар аударсақ, және оны монгол өзені Арғынмен байланыстырсақ (аңызға айналған Эргене Кун), онда Арғын Одағы (Орта жүз) Ашинаның бөрі руымен қайта түленеді. Уйсун Ордасы (Ұлы жүздің) және Алшын Ордасы (Кіші жүздің) бұл румен байланысы белгілі. Нәтижесінде, тек қана монгол руы баарин уйшиндері (уйсун) және мангут алшиндері (алшун) емес, сонымен бірге, телес арғындары да Ашинаның ежелгі түркі руымен байланыста екені белгілі болды. Ашина Абылғазы мен Рашид-ад-дин «татарлар мен монголдардың арғы атасы» деп атаған аңыздық Алаша ханның прототипы болуы мүмкін.

      Көшіп кету арқылы қара бодан руы мен тайпаларының бөлініп кету мүмкіндігі ежелгі түркі қағандардың басқару жүйесін тітіркендіріп отырған. Қазақылық қаупінен қорыққасын, олар әрқашанда өз халқының аузын майлап отырған, яғни, әскери жорықтар ұйымдастырып, түскен түсімді бөліп берген. Мұқтажы көп, қалалық тауарларға зәру көшпелі бақташылыққа сауда орындары керек еді, ал Қытай болса бірікпеген дала тайпаларын саудаға кейде жіберсе, кейде жібермеген, осы мәселені өздері бір орталықтан басқарып отырған. Осындай саясатқа табиғи түрде қарсы тұру арқасында бірінің соңнынан бірі ғұндардың, ежелгі түркілердің, монголдардың көшпелі империялары пайда болды. Олардың мақсаты Ұлы Жібек жолына өз билігін жүргізу еді.

      VI–VII ғғ. рубасылардың басшылығынан биік тайпалардан тыс жоғарғы билік институты ретіндегі барынша дамыған мемлекеттілігі бар ежелгі түрік дәуірі басталды. Бұл тұрғыда 1951 жылдың өзінде Казакстан VII ғасырда пайда болып Х ғасырда тұрақты қауымдастыққа айналды деген Аманжолов және Альдигереевтің пікіріне келісетін заман келді. Сөйтіп, кез келген сұранған тайпаға әскери көсем сайлаған атамандары басшылық еткен ортаазиялық жаугерлер ретінде түркі казактары Х-ХІ ғасырлардан бұрын пайда болған. Оларды Х ғасырда Константин Порфирородный «Казакия» деп атаса, ХІ ғасырда Фирдоуси «Казацкие ханы» деп атаған.[1]

      Әлгі казак хандарымен Казакия тарих қойнауында жоғалған, өйткені, Ел Бөрі руына бағынған қыпшақ тарихына сіңіп кеткен болу керек.

      Әйтсе де, казактардың өзі қалған. Олар әрқашанда ауылымен, яғни жеке отбасылық көл-көсір байлық дағдысымен көшіп-қонған көшпенділер болды. Олар номадтардан қорғаныс іздеген. Ал соңғылар көшпелі өркениеттің төмендеу деңгейінде болған, өйткені табор құру арқылы ұжымдық тәсілмен көшіп қонған. Казак ауылдары өздерінің ең жақсы кездерінде әскери мақсатта жүздіктер арқылы ұйымдасқан, бірақ олар тайпалардан көбінесе ұтыла беретін, өйткені оларда мемлекет жоқ еді. Сондықтан казактар бүкіл далаға таралған еді және ежелгі монгол тілінде қашқын орданы белгілейтін (хасах терген)деген сөз тіркесі болған.

      XIII ғ. kазаk Тэмуджин немесе Теміршін (мұндағы шін-шино-бөрі) тайджиут

Скачать книгу


<p>1</p>

Белгілі зерттеушілер айтуынша «Шах-Намеде» «казак» этникалық термині әлі табылған жоқ (Валиханов Ч. Собр. соч. Т.1. С.370), бірақ бәрібір Левшин қателеспеген болу керек, мүмкін, ол эпостың өзге варианттарын білген шығар. Порфирородныйдың мәліметтері осы аттас, тұстас елді көрсетіп тұр және уақыты бойынша сәл ертелеу