ТОП просматриваемых книг сайта:
Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров
Читать онлайн.Название Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер
Год выпуска 2014
isbn 978-601-80330-0-1
Автор произведения Канат Нуров
Издательство Фонд "Аспандау"
Ал қазақылық дегеніміз не? Ол өз ру-тайпаларынан айдалаға безіп, бірнеше кездейсоқ жолдаспен далалық кезбе рыцарь өмірін кешу. Міне, XIII-ші ғасырда Шыңғысхан осындай мыңдаған батырларды қосып, алдымен әскер, кейін империя жасайды. Шыңғысханның бүкіл әлемдік және ұлттық мәнін Нұров оның дала тайпаларын рулық санадан бас тартқызып, империялық «бүкіл адамзаттық» санаға көшіруінен көреді. Және қазіргі қазақ тайпаларының көбісін автор Монголиядан Шыңғысханға еріп келген тайпалар деп санайды. Сондықтан Шыңғысхан түркі тайпаларының басқыншысы емес, ол оларды Хорезмшахтың ортаазиялық исламшыл билігінен азаттаушы, қазақ мемлекетшілігінің негізін қалаушы таудай тұлға. Нұров Шыңғысханның шығу тегі жағынан монгол екеніне еш шүбә келтірмейді, бірақ, оның ойынша, Шыңғысхан далалық империясының өмір дағдысын, жаугершілік даңқын тек қазақтар мұралаған деп есептейді. Қазіргі монголдар «халха» атауымен қалып, қытайланып, ламаизм аясынан шыға алмай қойған. Демек, Шыңғысхан мұрасына иелік ете алмай қалған. Ал қазақтар болса Шыңғысханнан келе жатқан дәстүрді әлі күнге дейін ұстанады.
Сонымен, Нұров бойынша Қазақстан мемлекет ретінде Урус хан кезінде пайда болған, сосын біраз уақыт Абулхаир империясының құрамында болып, ақыры XV-ші ғасырда Қазақ хандығына бөлініп шықты. Сөйтіп, автор қазақтарды біраз аңыздық «сақалынан» босатып, олардың мүлде берідегі тарихи болмысын ашып береді. Бұл тұрғыда Нұров марксистік «формациялық» теориясынан бас тартып, қазақстандық ғалым С.В. Грисюктың теориясына сүйініп, адамзат қоғамының дамуын төрт кезеңге бөледі: дәстүрлі, аграрлы, индустриалды және ақпараттық. Қазір олардың анықтамаларына тоқталуға уақыт тар, сондықтан, автордың бұл теориясын қазақтарға қалай қолданғанына келейік. Нұров бойынша, қазақтар бірнеше кезеңнен аттап, бірден ақпараттық сатыға өрлеген халық. Өйткені, олардың геоландшафтық жағдайы сондай болған. Дәстүр пайда болу үшін тұрақты жағдай керек, көшпенділерде бәрі тұрақсыз