Скачать книгу

ен нақты айтылған сөзге, сүйіспеншілігімді сезініп жүрдім. Бірақ, осы күнге дейін елмен араласып әңгіме ақылдарын тындап түйген ойым: әке-анам, ата-әжем алдындағы құрмет-сағынышымды аз да болса есте қалған олардың өмірінен үзінділерін қағазға түсіруге міндеттімін. Осыны орындауға бел будым.

      Неге монитор емес – қалам? Иә, қалам, себебі біз сияқты компьютерсіз өскен буынға, бірақ қолымызға түскен кітап оқуға құмарлығымыз таусылмаған адамдарға, бірден мониторға басылған сөз – өзінің тереңдігін, ой-пікірін жоғалтатын сияқты. Өзіме қойған міндет – күніне бір парақтан болса да жазу.

      Ал, бастайық. 1981 жылдың наурыз айының соңғы күндері. Мен, жас аға инженер, Ташкент электротехникалық

      – байланыс институтының түлегімін; көтеріңкі де, қобалжу түрімен үйге келдім. Үш жарым жыл өндірісте, кейде ұйқысыз түнгі ауысымдық жұмыс, жанұямда екі қызымның дүниеге келгені, қалтамда қағаз – Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (МҚК) әскери борышын атқару туралы бұйрық, міндетті түрде шұғыл территориалдық мекемеге жету, бұрыңғы жұмыс орнынан маған екі апталық төлем берілуі тиісті түсіндеме.

      Күндер өте білгенім, мен жұмыс істеген жердегі басқару мекеменің бастығы, өте құрметті кісі, мен үшін одан құрметі кем емес МҚК облыстық басқармасының бастығы генералмен сөзге келгені. Облыстық байланыс басқару мекеменің кадр мен бас аппараты – техникалық білімді өзі түп ұлтты маманды жоғалтқысы келмегені. Олардың жоспары бойынша, мені сол кезден сәл ертерек жаңадан құрылған Торғай облысына жұмысымды жоғарлатып жіберу екен. Мен институт бітіріп, жұмысқа орналасқан алғашқы күндерден бастап жас маман ретінде, МҚК көзіне түскен екенмін. Жиырмасыншы ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғында, суық соғыс кезі, ХХ Мәскеу

      Олимпиада ойындарының алдында, сол кездің терминологиясымен «басты қарсылас мемлекет» – США- ның ЦРУ мекемесінде бюджеті мен штаты өскен. Осыған орай, Политбюро ЦК КПСС мүшесі, КГБ СССР төрағасы Ю.В. Андропов өз жағынан жауап амал қолданды. Қажетті тексеріспен, органға шаруашылықтардан жас мамандарды, инженер, агроном, зоотехник, мұғалім, журналист, комсомол қызметкерлер қабылдана бастады.

      Сол кездегі ҚазССР КГБ генерал-лейтенанты В.Т.Шевченко: «Күрек пен соқадан шыққан кадрлар» деген сөздері маған да қатысты. Себебі біздің әулетте де әскери кадрлар болған жоқ. Анамның екі туыс ағалары батыс шекарадағы соғысқа барып, хабарсыз кетті. Ал әкем өз жасына екі жыл қосып, соғысқа он жеті жасына толмай кетті, уақыт өте, оның бозбалалық өтірігі, комсомол билетіндегі «4» санын «2»-ге түзеп, түзеткен жерінің сиясы анық көрінгені еді. Соғыстан кейінгі мамандығы агроном болды.

      Әке-шешем менің жұмыс орнымның өзгеруіне аса сезім білдірмей қабылдады. Нағашы әжем, Сарыбатырова Айғаныс Бөлебай қызы, көпке дейін жиен немересінің қай жерде жұмыс атқаратының түсіне алмады. Мен, орынсыздау болар, әжеме білместікпен «Қауіпсіздік Комитетті» НКВД- нің құқық иеленушісі дегенде, әжем біраз үнсіз қалды да (ол кісінің тілі өте өткір, әңгімеге шебер еді), Сталин кезіндегі бір ескі анекдотты айтты: «НКВД қызметкерлері күні бойы жеті құлпына жабылған бөлмелерінде отырып бітпейтін қағаз жазып, кешке жазғанын өртейді де, іші толған ауыр жүгін ешкімге айта алмай, ішіне де сиғыза алмай ақыры ауа бүлдіре бастайды». Сүйікті әжемнің сөзі, шынымды айтсам, мені ренжітті. Мен кітаптардан оқыған барлаушы, контрбарлаушылар туралы романтикаға толы ойларымды айттым, әжемнің көзқарасын өзгертуге тырыстым.

      Ақырында, өз жолымды таңдауыма құқылы екендігіме тоқтадық.

      Аудио-видеотехниканы жақсы меңгерген техника маманы ретінде, сол кезде (жетпісінші жылдардың соңы) портативті жазу құралдарының кең тарамағанына қатты өкінемін. Себебі, адамның мида сақтау қабілеті шектеулі.

      Әжеміздің екі төңкеріс, екі дүниежүзілік соғыстарды бастан өткізген еліміздің тарихынан динамикалық үзіндісіне көзқарасы, сол дәуірдегі зиялы тұлғалармен жеке танысуларына, жалпы өмірге деген ой-пікірі және де ең бастысы, атам Жаманмұрынов Тел Бұқпанұлымен бірлескен некесі туралы еске алуларын сол кезде толықтай түсінбедім және жадымда сақтай алмадым.

      Бірақ, жадымның бір бөлігінде сақталып қалған еске алуларды сіздермен бөлісуді және ауқымды аудиторияға шығуын жөн көрдім.

      І. Ата

      Менің әңгімемнің түйіні – сарғайып қалған қағазда, карандашпен өз қолыммен жазылған атамның өмірбаяны. Сексен жылдан асса да бұл біздің отбасымызға аса қымбат мұра құндылық. Әжеміздің басынан талай қиындықтар өтсе де, көп нәрсесің жоғалтса да, осы бірнеше парақ қағазды бөтен көзден ұқыпты сақтағаны, менің қалам алуыма түрткі болды.

      Қазіргі үш тілді меңгеру жоспары, ХІХ ғ. аяғында ХХ ғ.

      басындағы қазақ интеллигенцияның пайдаланған білімі еді. Өз мамандықтарынан бөлек қазақ интеллигенттер ана тілімен қоса, орыс тілін, бірнеше шет тілдерін меңгерген адамдар. Атамыз бес тілді білген кісі. Орыс тіліндегі өмірбаяны бірде бір орфографиялық, стилистикалық қатесіз жазылған. Оқыған адам үшін тура әдеби туынды сияқты қызығушылықпен оқылады. Осы жазбадан атамызды талапты, мақсатына жететін, жан-жақты білімді, қайратты, қазақ елінің жанашыры ретінде көруге болады. Телдің замандастары, құрдастар арасында әзілқой, қалжынды

Скачать книгу