ТОП просматриваемых книг сайта:
Armanga bastar asular. Камшат Балтабаевна Бекежанова
Читать онлайн.Название Armanga bastar asular
Год выпуска 2021
isbn
Автор произведения Камшат Балтабаевна Бекежанова
Жанр Биографии и Мемуары
Издательство Автор
Құрметті оқырман, бұл кітаптың кіріспе бөлімінде біздің ата-бабаларымыздың қандай дана да, ғұлама болғаны, ата-тегіміздің ілім-білімге деген ізденісі туралы сөз қозғалады. Ұлы ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің барлық саладағы біздерге қалдырған сарқылмас қазынасы мен өмір сурудегі мән берілу керек басты формулулаларымен таныс боласыздар. Бұрын оқыған болсаңыздар тіптен жақсы. Сонымен қатар, қазақ жерінде тұңғыш ашылған физика-математикалық бағытта білім беретін алғашқы мектептің ғұмыр тарихы жайында естелік жазуды жөн көрдім.
«Адам-елеусіз тозаң сияқты із-түзсіз құрып кету үшін тумайды. Адам артынан із қалдыру үшін, болашақ ұрпағына, жер бетінде басқа да адамдардың ақыл-ой дүниесінде, жүрегінде ұмытылмастай іс қалдыру үшін туады»,– деген екен бір ғұлама. Осы сөздің мәнін де, мағынасын да өз ісімен дәлелдей білген аяулы ұстаздар мен мектеп іргетасын қалаған жандардың жасаған жақсылықтарын айтпау, елемеу мүмкін емес!
Арманға бастар – асулар!
Бастау
Қара топырақтың шаңын шығарып, қара қазанға піскен сүттің қаспағын қырып жеп, сарқырап ағып жатқан өзенге балықша сүңгіп, ен далада еркін өскен қаншама қазақтың қара домалақ балаларының биік мақсатқа жетуіне жол ашқан, ұлы баспалдақ – ол арман баспалдағы. Адам баласы дүние есігін ашқан сәттен бастап, еріксіз сананың қалауымен арманға жол тартады. Ең басты арманы аяулы анасының ыстық құшағына бөлену болса, ары қарай есін біліп өзін-өзі таныған сайын арманының да ұлғая түсуі айдан анық. Сол арманға жету жолында талай биік-белестерді бағындыруы таңсық емес. Адамзаттың қанына сіңген жангештілікпен пара-пар дүние. Жер бетіндегі алты құрлықтың ішінде, көлемі жағынан тоғызыншы орынды иеленіп, ұлан-байтақ дархан даланы мекендеген ата-бабаларымыздан қалған қасиет. Әуел бастан, халқымыздың ғылым-білімге деген құштарлығы, қиялындағы арманға жету жолында қадам басқан алғашқы баспалдағының бірі. Әлемді мойындатқан бабаларымыздың салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, ой-өрісінің ұшқырлығы болашағымыз үшін сарқылмас қазына іспеттес. Ұрпағына қалдырған теңдессіз ілім жауһары, әлі күнге дейін, бізге азық болып келеді. Абыз аталарымыздың шынында да, даналығына бүгінгі ғылымның өзі көз жеткізіп отыр. Егер, қазақтың тарихына қателеспей көз жүгіртер болсақ, әлі де талай шындықтың қаймақша қалқып тарих бетіне шығары сөзсіз.
Тас, мыс, қола дәуірлерінде өмір сүрген ата-бабаларымыз, әлемде алғаш болып жылқыны қолға үйреткен халық. Металлдың құпиясын меңгеріп, мысқа қалайыны қосып, қоланың жасалу жолын ойлап тапқан. Ең көне қала, Арқайым қала өркениетін қалыптастырып, әлемді мойындатқан. Осындай халықтың мінез-құлқын, өзінің өмір жолында кездескен көптеген кедергілерді жоя білген, буырқанып таудан аққан өзен суының дүлей ағысына теңеуге болады. Өмір сүру дағдысы да өзгеден ерекше, дана халқымыз пайдаланған, күнделікті жейтін жылқының етін, оның сүтін, ірімшікті, кілегейді, айранды отырықшы елдер тіпті білмеген деседі. Сонымен қатар, малдың жүнінен, терісінен қажетті киім-кешектер, бас киімдер, аяқ-киім, құрал-саймандар салатын қоржындар, ыдыстар, киіз үйлер, төсеніш киіздер, кілемдер жасаған. Орталық Қазақстан аумағында қола шығару үшін қажетті материалдық-техникалық база қалыптастырған. Әлемде сирек, тіпті мүлдем кездеспейтін кен байлықтардың қоры шоғырланған кең байтақ, ұлы мекенді иемденген. Сондай-ақ, дөңгелекті соғыс арбаларын, үзеңгіні, ауыздықты да дала халқы ойлап тапқаны тарихи зерттеулерден белгілі. Мыс, қалайы, күміс, алтын және т.б. металлдарды ұрып-соғып балқытып, сан алуан зергерлік бұйымдар жасап, сауда-саттық орталығына айналған. Қазақтардың ата-бабалары саналатын сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар Еуропаның халықтарынан әлдеқайда ерте кезеңнен бастап, өздерінің мемлекеттерін құрғаны, басқару жүйесінің қалыптасқаны, мәдениеттілігінің көрсеткіші саналатын жазуының болуы археологиялық зерттеулер нәтижесінде дәлелденген.
Осы орайда, біздің заманымызға дейін білім алу дағдысы болмаған, қазақ халқы тек мал бағып, оны көбейтумен ғана айналысқан деген сан алуан пікірдің қалыптасуына нүкте қоюға болатын секілді. Тамаша мәдениетті қалыптастырып, ұлы ғұламалардың әлемдік революцияға айналған тың жаңалықтар ашуына жол ашқан, бабаларымыздың тектілігін бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіруіміз керек. Менің осы уақытқа дейінгі бір байқағаным, өсіп келе жатқан қаракөздеріміз тарихтың тереңіне үңіліп, қызықпайды. Олардың көз алдында теледидардан көрсетілетін ашаршылық кезеңіндегі түсірілген, халқымыздың үдере көшкен, жан түршігерлік аянышты бейнесі ғана қалып қойған сыңайлы. Ал, сәні мен салтанаты жарасқан хан ордалары мен тамаша көне қалалар туралы көріністер кемде-кем.
Осы орайда, болашақтың білуі тиіс мәліметтерді атап өткім келеді. Қазақстан астаналарының тарихы да өте бай болған. Үш мемлекеттің: Батыс Түрік, Түргеш және Қарлұқ қағандықтарының астанасы Суяб қаласының іргесі негізізнен бесінші ғасырда қаланған. Орталық Азиядағы аса ірі қалалардың бірі Баласағұн (Ақтөбе) – Батыс Түрік қағандығының, Қарахан және Қарақидан мемлекетінің бас қаласы болған. Ең көне астаналардың бірі – Тараздың атағы V – VII ғасырлардың өзінде-ақ, Қытайдан Византияға дейін тараған. Тараз грек ғұламасы Птолемейдің картасына түсірілген. X-шы ғасырдан бастап Тараз Қарахан әулеті өкілдерінің астанасы, көп