Аннотация

Бұл кітапта Әзірет Сұлтан – Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың «Диуани хикмет» кітабы қазақшаға аударылып беріліп отыр. Жалпы «Диуани хикметтің» бірнеше нұсқасы бар. Соның ішіндегі парсы тілінде жарық көрггн нұсқасына тәржіма жасалды. Кітаптағы сөйлемдерді мейлінше қаз қалпында беруге тырыстық. Сондықтан хикметтердің тілі ауыр, сөйлем құрлысы күрделі болуы мүмкін. Кітап Қожа Ахмет Яссауи мұрасына қызығатын оқырман қауымға арналады.