Аннотация

Мамандықтың қай түрі болмасын жұртқа бір игі пайдасы тиеді емес пе? Ал ол өз мамандығымның адамзатқа қаншалықты пайдасы тиетінін, өкінішке орай, білмейді. Себебі, ол-жан коллекционері.

Аннотация

Шашы сыпыртқыдай айбақ-сайбақ, аяғының орнына балықтың құйрығы бар әйел балаға көрпеге оранған сәбиді ұстатып, жоқ болып кетті. Алғашында шыңғыра жаздап, қатты қорқып қалған бала сәбиді тастамастан жан-жағына тағы бір көз шалып өтті. Ешкім жоқ. Ол дереу сәбиді алысымен ауылына қайтты

Аннотация

Шығарма кейіпкері Қалтар қарияның немересі Самиян мен оның достары Райлан мен Файз құпия таяқшаның тылсым күшімен сиқырлар әлеміне тап болады. Көптеген таңғажайып оқиғаларды бастан кешіреді. Ақыр соңында Самиян мен достары Райлан мен Файз Самиянның жоғалып кеткен әкесі Райлдың жаны зұлым сиқырлы күш иелерінің әрекетімен таңғажайып автобусқа айналып кеткенін біледі. Бұл олар үшін күтпеген жағдай еді. Олар бар күштерін сиқырлы күш иелерінің шырмауында қалған әкелерінің жанын босатуға арнайды.