Скачать книгу

қарсыласты. Соған қарамай Спаргапистің сайланып шыққан қолы қалың жауды нөсердей жауған оқтың астында қалдырып, қоғадай жапырып жатты. Одан кейін олар жан-жақтан анталап, тікелей шабуылға шықты. Алдыңғы шептің бір бүйірінде Ер, Би, Нар да қайқы қылыштарымен олай-былай осқылап, аттарының кеудесімен екпіндей омыраулатып, парсыларды баса-көктеп таптап бара жатты. Ақыр соңында парсылардың қалғаны сақтардың жойқын шабуылына төтеп бере алмай, бас сауғалап қаша жөнеледі. Спаргапистің жеңіл атты әскері оларды өкшелей қуып, жаудың сау-тамтығын қалдырмай жайпап, қалған-құтқанын тұтқындап, кері оралады. Жеңістеріне масаттанған жауынгерлер дабыл қағып, кернейлетіп, енді біреулері ат үстінде өнерлерін көрсетіп, парсылардың қос тіккен тұрақтарына шат-шадыман күйде қайтып келе жатты. Парсылардың қосына таяй бергенде, кенет Би астынан су шыққандай тыпыршып, бауырларына былай деді:

      – Ер, Нар! Садақтарыңды оқтаңдар! – деді бұйырып.

      – Иә, неге?! – деп, аң-таң болған Ер, Нарға:

      – Шарап көзелерін атамыз! – деді Би әудем жердегі қос арасындағы қаз-қатар тұрған көзелерге қарата садағын көздеп.

      – Ә, иә! – деп, бауырлары түсіне қойып, олар да садақтарын көздеп, үшеуі бірінен соң бірі көзелерді дәлдеп атып, қирата бастады.

      Әуелгіде не болғанын түсінбеген Спаргапистің жігіттері аңтар-ылып тұрып қалған. Ең алдымен Спаргапистің өзі есін жиды:

      – Әй, сендерді жын ұрған ба?! Тоқтатыңдар бассыздықты! – деп ақыр-ған. Бірақ бауырлар оның айқайына тоқтаған жоқ, көзелердің бәрін жайратып салды.

      – Әй, басбұзарлар! – деді Спарагапис ашу-ызадан түтігіп. – Егер жай күндері болса, менің бұйрығымды орындамағандарың үшін үшеуің де өлім жазасына кесілер едіңдер. Дегенімен, сендердің жанқиярлық ерліктеріңді ескеріп, жазаларыңды жеңілдетем. – Жанындағы жасақтарына қарап. – Үшеуінің де қару-жарақтарын жинап алып, аяқ-қолдарына бұғау салып, тұтқындап, үйқамаққа алыңдар! – деп ақырды.

      – Дат, тақсыр! – деп Ер сөз сұрайын деп еді, Спаргапис:

      – Жабыңдар ауыздарыңды! Көзіме көрсетпей тез алып кетіңдер бұларды! – деп, жасақтарына өктемдікпен бұйырды.

      Жасақтар үш бауырды аттарынан жұлып алып, дедектете сүйреп, алып кетті.

      – Ал, сайыпқырандарым! – деді Спаргапис сап түзеген әскеріне барлай қарап. – Сендердің жанқиярлық ерліктеріңнің арқасында бүгін шарапатты жеңіске жеттік. Жарайсыңдар! Енді сендерге жеңіс тойын тойлауға рұқсат берем. Парсылардың мол дастарқанын көріп тұрсыңдар ғой. Тойғанша ішіп-жеңдер, күліп-ойнаңдар. Тек, әтте-ең… – деп аз бөгеліп барып, сөзін қайта жалғады. – Бар шарапты әлгілер қиратып, төгіп, рәсуа еткенін қарашы! Амал нешік, енді өздеріңнің жанторсықтарыңдағы қымыз, шалап, шұбатпен ғана сусын басарсыңдар. Ал, жақсылап дем алыңдар! – деп, ер жүрек жауынгерлерін еркіне жіберді.

      ***

      – Енді қайттік?! – деді қызуқанды Ер бауырларына қарап. – Біз парсылардың алдауына түсіп, қоршауда қалып, қырылатын бол-дық қой.

      – Оларды қоршауда қалу қаупінен сақтандыратын тек біз едік, біздің

Скачать книгу