Скачать книгу

байқап қалды.

      – Иә, Крез, басыңды шайқағаныңа қарағанда, келіспей тұрған сияқтысың ғой? Неге келіспейсің, соны айт?!

      – Уа, әміршім, – деді Крез нық та сенімді үнмен. – Егер сен өзіңді және әскеріңді елден ерекпіз деп бағаласаң, онда мен пікір айтып әуре болмай-ақ қояйын. Ал, егер сен өзіңді кәдімгі ажалды адам деп, әскерің де өзіңдей пенделерден құралған қол деп есептесең, әрдайым бір адамның жолы бола бермейтінін ұғын. Егер сен жауды өз жеріңе енгізсең, оның өте-мөте қатерлі деп білемін. Жеңілген жағдайда, мемлекетіңе де қауіп төнеді, олар жеңістің желігімен сені еліңнің түкпіріне дейін өкшелеп қумай тоқтамайды. Ал жеңіске жеткен күнде Томирис иелігіне түре тиіскенге не жетсін! Әйелдің тілін алып, жауын өз жеріне енгізу – Камбис баласы Кирге өліммен тең емес пе?! Сонымен ақылымды алсаңдар, дариядан өтіп жаудың шегінген жеріне дейін баса көктеп барайық та, мынандай айла жасайық: Өз қосынымызда көп қой сойып, ат-көпір етіп ас-су әзірлейік. Әсіресе шарап жағы ырғын болсын. Содан соң орнымызда әлсіз әскер қалдырып, дарияға қарай шегініп кетерміз. Менің ойымша, өздері бұрын татып көрмеген тағамның үстінен түскен жау дәмге тарпа бас салады. Ал, одан арғысы белгілі емес пе.

      Осы екі ұдай пікірді салмақтап көрген Кир, әуелгі ұсынысты тәрк етті де, Крез пікірін қабыл алды. Сөйтіп, Тұмар ханымға «уәделі жеріне шегінсін», – деп шапқыншы жібертті.

      Тұмар ханым уәдесінде тұрып, қосынын дариядан үш күндік жерге, қасиетті Қаратау қойнауына қарай шегіндірді. Кир болса қарақұрым әскерін дариядан жайлап өткізе бастады.

      Кир қосынын дариядан өткізген күннің түнінде түс көреді. Түсінде немере ағасы Гистасптың үлкен ұлы Дарий биік таққа отырыпты. Екі иығында қос қанаты бар дейді. Бір қанаты Азияны, екінші қанаты Еуропаны бүркеп тұр екен. Түсінен шошып оянған патша түсінің мәніне ой жүгіртіп, оны тегін емес деп жориды. Немере ағасын шақыртып алады да, екеуі оңаша отырғанда оған былай дейді:

      – Гистасп, сенің ұлың Дарий11 жасы жетпеген соң жорыққа қатыстырылмай, елде қалған еді. Сол ұлың менің тағыма таласып, өміріме қастандық жасағалы жүр. Менің кәміл-пірлерім әмісе қамымды жеп жүретіні және алдымды алып отыратыны өзіңе аян. Сол кәміл-пірлерімнің көрсетуінше, түсімде сенің үлкен ұлыңды көрдім. Екі иығында екі қанаты бар екен, бір қанатымен Азия, екінші қанатымен Еурпоны бүркеп, менің тағымда тұр екен. Соған қарағанда, сенің ұлың менің өміріме қатер төндіргелі жүргені даусыз. Сол себепті дереу Персияға қайттағы, мен мына жауды жеңіп, елге оралғанша жауапқа дайындай бер.

      – Уа, ұлы патшам, – деді Гистасп оның аяғына жығылып. – Сен еліміздің даңқын аспандатып, жарты әлемді жаулап алдың. Ол елдердің бәрі салық төлеп, еліміздің дәулетін арттырып, тасқын-датса, бұл – сенің арқаң. Ендеше саған кім қастандық ойласа, ол бізге де жау. Ондай жаулық ойлайтын парсылықтың тумағаны игі еді! Туа қалған күнде, ертерек өліп кеткені абзал-ды! Түсіңде көргендей, баламнан қауіп ойласаң – бердім соны қолыңа құрбан ғып! Елге барып, оны тұтқынға алайын! – деп, патшадан шыға сала, атқа қонып, елге қарай жол тартты.

      ***

      Дәл

Скачать книгу


<p>11</p>

Дарий* – Кир өлгеннен кейін парсы патшалығы тағына Дарий отырады. Ол да үлкен империя құрып, көптеген елдерді жаулап алады.