Скачать книгу

алдыңғы екеуі үстелдің бір қапталындағы Мұхамеджанға сынай, әрі күдік ала қарайды. Ал Мұхамеджан болса өзін еркін ұстауға тырысып, олардың сауалына мүдірмей жауап беріп отыр. Инсти-тут ректоры алдында жатқан құжаттарды аударыстырып, қағазда жазылған деректерді Мұхамеджан бет-жүзі арқылы анықтап алғысы келгендей, қағазға бір, Мұхамеджанға бір шұқшия қарап алды да:

      – Хм-м, жігітім. Орта Азиядан. Жетісу өлкесінен келген екенсің ғой. Солай ма? – деді.

      – Иә, солай.

      – Қандай ұлттансың?

      – Қазақпын.

      – Қызық. Біздің институттың табалдырығын – Қиыр шеттегі бұ-ратана халықтың өкілі ретінде тұңғыш рет өзің басып тұрсың. Әдетте біздің техникалық институтқа ресейліктердің өзі сескеніп, келе бер-мейді. Сенің қалайша батылың барды?

      – Жоғары мәртебелім. Мен Верный гимназиясының соңғы курс-тарында оқып жүрген кездің өзінде Сіз басқаратын осы мәртебелі институтқа түссем деп, алдыма үлкен мақсат қойған едім. Міне, сол мақсатым мені Сіздің алдыңызға жетелеп әкелді.

      – Жарқыным, сен бұл оқу орнының техникалық екенін білесің бе? – деп сөзге қасқа бас шал араласты. – Оқу өте ауыр. Химия, физика, математика есептері, сызу макеттерінің өзі адамның миын шатастырып жібереді.

      – Әрине, білемін. Сол себепті гимназия қабырғасында көп ізденіп дайындалатынмын. Кітапханалардағы әр қилы техникалық кітап-тарды зерттеп оқып, есеп, жаттығуларын шығарып, сызу өнерімен айналысатынмын.

      – Мен қызмет бабымен ғылыми экспедицияларда жүріп, Орта Азия мен Түркістанды, қазақ елін көп аралағанмын. Сол себепті ол жақтың халқын, салт-дәстүрі мен шаруашылығын, адамдарының мінезі-қасиеттері мен психологиясын бір кісідей білемін деп айта аламын. Расын айтсам, қазақтардың рухани жан дүниесі өте бай. Музыка, фольклор, сөз өнері тұрғысынан қарағанда, алдыңғы қатарлы елдермен иық теңестіре алады. Мұны орыстың, батыстың ғалымдары да мойындаған. Сол себепті олар, яғни қазақтар гуманитарлық ілімді тез меңгеріп, игеріп кете алады. Бұл ақиқатты мен сондағы оқу орындарын аралағанда байқап, көз жеткізгенмін. Ал енді техникалық ілімді меңгеруге келгенде, көшпелі ұлттың өкілдерін… әй, қайдам… Көзім жетпейді. Бұл жерге адасып келген сияқтысың. Кеш болмай тұрғанда, сол гуманитарлық оқу орнынының есігін қаққаның жөн. Мына үздік диплом, алтын медальмен сен ол гуманитарды жақсы меңгеріп кетесің. Оған сенімім кәміл. Сөйт, жарқыным.

      Мұхамеджан қасқа бас шалдың бұл сөзіне іштей тіксініп, ұнат-пады. Бірақ сыр берген жоқ. Сөзді әріден өрбітті:

      – Менің Әл Фараби, Ибн Сина, Беруни, Ұлықбек сынды ғұлама бабаларымды, мына беріде өмір сүрген Шоқан Уалихановты білетін шығарсыз?

      – Әрине, білеміз.

      – Міне, солар техникалық ғылымды игеріп қана қоймай, бұл ғы-лымды жоғары деңгейге көтеріп, іргелі жаңалықтар ашып, ілгері дамытты емес пе. Оларды қайда қоясыз?

      – Олар, жарқыным, әр жүз, мың жылда бір келетін жеке тұлғалар ғой. Оларды қозғамасайшы, – деп, шал кеңк-кеңк күлген.

      Мұхамеджан

Скачать книгу