ТОП просматриваемых книг сайта:
Гүлмінездің гүлдері. Кеңес Оразбекұлы
Читать онлайн.Название Гүлмінездің гүлдері
Год выпуска 0
isbn 9785449898593
Автор произведения Кеңес Оразбекұлы
Издательство Издательские решения
– Ендеше оның айтқаны айнымай келеді ғой, иә?!
– Келеді. Егер ол түсіңде аян беріп, «жеңесің» десе, жеңесің.
– Ала-қа-ай!
– Дегенімен, құлным, мына кеңесімді есіңде ұста: Қанатты барысың «жеңесің» десе, оның саған жігер, рух бергені. Сол жігер-рухпен қуаттанып, жаттығуыңды еселейтін болсаң, міндетті түрде жеңіске жетесің.
– Онда мен қазірден бастап жаттығуға кірісемін! Ала-қа-ай! – деген күйі ол сыртқа жүгірді.
ГҮЛМІНЕЗДІҢ ГҮЛДЕРІ
ҚАМҚОРШЫ
Есікті айқара ашып, тойған қозыдай томпиған кішкене қыз кірді. Бұл – бақшадан қайтқан Гүлмінез. Қолында тығыншықтай, қап-қара күшік бар. Оны еденге қоя берді. Өзі есікті жауып, ақ мамықпен көм-керілген қоңыр пальтосының түймелерін ағытты. Киім ілгішке бойын созып іліп жатып:
– Анашым, ау анашым, – деп еді, асхана жақтан «Ә, не дейсің?» деген дауыс естілді.
– Мұнда келші. Мен әдемі күшік тауып алдым. Өзі әбден тоңыпты. Қарны да аш болу керек, сүт бар ма?
Асханадан шыққан шешесі күшікті көрген замат:
– Е-ей, Гүлмінез-ай, – деді әбіржіп. – Оны қайдан алдың? Ада-сып жүрген біреудікі де. Апарып таста.
Гүлмінез күшікке ара түсті:
– Бұның иесі жоқ, анашым. Көшенің ортасында, әркімге бір алаңдап, бүрі-сі-іп тұр. Дірілдеп, көзі мөлдіреп, жалынышты қарайды. Қыңсылап-қыңсылап қояды. Маған адамдардан шеккен зәрібін айтып жатқандай сезілді. Аяп кеттім, Алайықшы?
Шешесі қызына мейірлене қарады:
– Бұл бәлең дүниеге келмей жатып, қандай зорлық көріпті?
Гүлмінез бота көздерін мөлдірете:
– «Бәрін сендер бүлдірдіңдер. Мені анамнан айырдыңдар. Суыққа тоңдырып, аштан-аш далаға тастадыңдар. Обал – дегенді білесіңдер ме? Әуф-әуф!» дейді.
Күшік бойы жылынған соң ба, Гүлмінездің сөзіне пысқырып та қа-рамай, талтаң-талтаң басып бөлменің ішін қыдыра бастады.
Шешесі қулана езу тартты.
– Ә-ә, солай дей ме? Титімдей боп, қарашы. Өзі де сүйкімді ғана екен. Мейілің, асырай ғой.
Жүзі бал-бұл жанған қыз шешесіне еркелей асылды.
– Болар енді. Менің асханада жұмысым қалды. Жүр. Күшігіңе сүт құйып берейін.
Сүт құйылған консерв қалбырын күшіктің алдына қойып еді, ол жолай қоймады.
– Ал іше ғой, күшігім, – деді Гүлмінез, оның басын қалбырға сұғып. – Сен ұнататын сүт қой бұл.
Күшік қырыса кейін шегінді. Езуіне жұққан сұйықты тілінің ұшы-мен жалап жатыр. Дәмін ұнатса керек, баяғы кірпияздығы жайына қалып, ыдысқа ашқарақтана қайта ұмтылды.
Біраздан кейін шешесі кірді. Тымпиып тойып алған күшік қыздың жеңінен тартқылап, құйрығын бұлғаңдатады. Шәу-шәу үріп қояды. Гүлмінез – мәз. Шешесі оны сөйлетуге құмартып:
– Не дейді, мына шіркінің? Түсіндіріп берші, – деп еді. Гүлмінез:
– «Ваф-ваф! Сен жақсы қыз екенсің. Анаң да тамаша адам. Ваф-ваф! Екеуміз дос боламыз. Жалықтырмаймын сені. Жүр, бірге онай-мыз», – деп ойынға шақырады.
– Жәндіктің