Скачать книгу

болып аталып, ұзын саны он екі ата (кейде тоғыз) болып келетін ру-тайпаларының топтасуы – орталықтанған жүйеге – хандыққа тіреу болуға талпынысының, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын» бірлікке ұмтылысының, ел-жұрт болып қалыптасу тарихының халық санасындағы жаңғырығы.

      АЛДЫНА АС ҚОЙДЫМ,

      ЕКІ ҚОЛЫН БОС ҚОЙДЫМ

      Тамақ ал, же деген ұғымдарды береді.

      «Ертеректе қазақ балыққа қақалып өлсе, туыстары оны балықпен сыйлаған адамнан құн сұрайды екен. Сондықтан қазақ қонаққа балық асса, „ал, же“ деп айтпайды екен. „Алдына ас қойдым, екі қолын бос қойдым“ деген сөз де, тегі, балықшылардан шыққан болуы керек. „Балық жеген бағыспас, жан-жағымен қағыспас“ деген сөзі де балықшылықтың қазақ арасында көп таралғандығын дәлелдейді». (С. Қалиев, М. Оразаев, М. Смайылова, 57. 121-б.).

      АЛДЫҢҒЫ АРБА ҚАЛАЙ ЖҮРСЕ,

      СОҢҒЫ АРБА ДА СОЛАЙ ЖҮРЕДІ

      «Қазақтың арбаны ерте заманнан пайдаланғаны тарихи деректерден мәлім. Арба көші-қонда да, соғыс құралы тұрғысында да қолданылған. Бұл жағдайдың екеуінде де әркім өз арбасымен қалаған уақытында қалаған жағына қарай жүре бермеген. Белгілі тәртіп, жүйе бойынша қозғалған. Көші-қонда көш бастаушы болған, ол алдыңғы арба. Қалғаны соның соңынан ереді. „Алдыңғы арба қалай жүрсе, соңғы арба да солай жүреді“ деген сөз сол заманда қалыптасқан болар ма деп жорамалдаймын. Ал, оның доңғалаққа ауысуы сөздің кейіннен туған баламасы болса керек. („Алдыңғы доңғалақ қалай жүрсе, соңғы доңғалақ та солай жүреді“). Тілімізде екі түрі де кеңінен қолданылады. Мән-мағынасын бір десе де болады». (С. Шүкірұлы, 9.).

      Ата-баба мен ұрпақтың, аға буын мен кіші буынның, үлкен мен кішінің арасында жалғастық болады, жолы бір болады дегенді аңғартады.

      АЛҚАТСАҢ АЛҚАТ ҚЫЗЫҢДЫ,

      АҚТАР ОЛ ДӘМ-ТҰЗЫҢДЫ

      Алқату – еркелету, ардақтау, қолпаштау. Соңғы кезде сөздік қордан шығып барады. «Алқатсаң алқат қызыңды, ақтар ол дәм-тұзыңды». (Мәтел). (Б. Қыдырбекұлы, 69. 35-б.).

      Қызыңды ардақтап, үкілеп, ар-ұятын биік ұстап тәрбиелей біл, ол ет жақын жанашырың болып, еңбегіңді, дәм-тұзыңды ақтайды деген мәнде ұғынылады.

      АЛТАЙ МЕН АТЫРАУДАН,

      АРҚА МЕН АЛАТАУҒА ДЕЙІН

      «Алтай-Атырау – әдебиет пен баспасөзде, теледидарда өте жиі қолданылатын тіркес. Батыстан Шығысқа бірнеше мың шақырымға созылып жатқан Қазақстан үшін бұл кеңдіктің, байтақтықтың көрсеткіші болып қала бермек». (С. Қондыбаев. 9. 6.10.94.)

      Негізінен С. Қондыбаевтың бұл келтірген тіркесі толыққанды емес. Халық аузында «Алтай мен Атыраудан, Арқа мен Алатауға дейін» деген де тіркес бар. Яғни, Алтай мен Атырау – еліміздің кеңдігін көлденеңінен немесе Батыстан Шығысқа дейінгі белдеуін сипаттаса, Арқа мен Алатау – тігінен немесе Солтүстіктен Оңтүстікке дейінгі ауқымын көрнекі түрде көрсетеді.

      АЛТАЙ – МЕНІҢ МЕКЕНІМ,

      ЕЖЕЛГІ ЖЕРГЕ ЖЕТЕМІН

      «Жоңғарлардың

Скачать книгу