ТОП просматриваемых книг сайта:
Мейрхан Абдильдин: Өнегелі өмір. Вып. 22. Коллектив авторов
Читать онлайн.Название Мейрхан Абдильдин: Өнегелі өмір. Вып. 22
Год выпуска 2013
isbn 978-601-247-858-7
Автор произведения Коллектив авторов
Жанр Зарубежная образовательная литература
Издательство КазНУ
Меніңше, бұның себебі мынада болуы керек. Ол кезде физика-математика факультетінің физика бөлімі тек орысша болатын, қазақ бөлімі болмайтын. Оқуға түсерде біз сегіз емтихан тапсыратынбыз. Оның үшеуі орыс тілі – әдебиет, тіл, шығарма. Орыс, қазақ деп бөлінбейтін. Сондықтан, қазақ ауылдарынан, қазақша мектеп бітіріп келген біз сияқты балаларға орыс тілінен үш емтихан тапсырып, орыс балаларымен конкурсқа түсу өте ауыр да, әділетсіз де жағдай болатын. Оны ойламайтын орыс баласы жазған қазақтарды физикаға таланттары жоқ деп айыптайды. Айтыс қызады. Бір мезгілде қазақ баласы өз бөлмемде тып-тыныш ұйықтап жатқан мені оятып, қоярдан қоймай, дедектетіп айтыс болып жатқан жерге алып келсін. Мен де бұл айтысқа белсене кірістім, бір мезгілде, қызып алғаным ғой, біздегі оқуға түсер алдындағы алатын емтихандар тәртібі дұрыс емес, әділ емес, бұндай бостандық – буржуазиялы бостандық деппін. Тағы да біраз нәрселер айтқаным болуы керек, әйтеуір осы әңгімені мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне жеткізеді. Бұлар менің сыртымнан тоғыз айдай бақылау жасаған көрінеді. Әйтеуір, құдай сақтап, басқа мұндай әңгіме болмағанға ұқсайды. Екінші бір жақсы болғаны, бұдан біраз жылдар бұрын КОКП-ның 20-шы съезінен кейін, 19-ға дейінгі жастарды саяси мәселелерге байланысты түрмеге жабуға болмайды деген өкіметтің қаулысы бар екен. Сөйтіп, не керек, менің жеке мәселем курстың кеңейтілген комсомол жиналысында қаралатын болды. Бұл жиналысқа қауіпсіздік комитетінің адамдары да қатынасты. Үлкен жиналыс болды, студенттер қыза-қыза сөйледі, соңында не керек, тамаша орыс достарым – С.П. Пивоваровтың, Э.Я. Вильковискийдің, Е.М. Якушевтің, т.б. студенттердің арқасында