ТОП просматриваемых книг сайта:
Мейрхан Абдильдин: Өнегелі өмір. Вып. 22. Коллектив авторов
Читать онлайн.Название Мейрхан Абдильдин: Өнегелі өмір. Вып. 22
Год выпуска 2013
isbn 978-601-247-858-7
Автор произведения Коллектив авторов
Жанр Зарубежная образовательная литература
Издательство КазНУ
Академик Мейрхан Мубаракович Абдильдин является выдающимся ученым, специалистом в области теории относительно- сти и гравитации. Он был руководителем программы «Теоретические исследования гравитационных, электромагнитных, сильных и слабых взаимодействий», реализовывавшейся в Национальной Академии Наук РК, членом Президиума Российской гравитаци- онной ассоциации и Академии творчества (Москва). Его гипотеза о «гравимагнетизме» явилась фундаментом для нового научного направления исследований.
Мейрхан Мубаракович много делал для повышения международного авторитета Академии наук, по его инициативе укреплялись связи в области теоретической физики между учеными академий наук различных стран.
Мейрхан Мубаракович – выдающийся ученый, патриот, внес неоценимый вклад в развитие науки, образования и культуры Казахстана. Он был кристально чистым человеком и верным другом. Страшно осознавать горе супруги Райхан Закиевны, потерявшей мужа. Знайте, что в трудную минуту мы всегда с вами. Мейрхан Мубаракович будет жив, потому что он живет в наших сердцах.
ЭПИЗОДЫ ИЗ БИОГРАФИИ
ӨМІРБАЯН
Біздің атамекеніміз – Павлодар облысының Май ауданы. 1928 жылғы ұлы конфискацияның және одан кейінгі 1932 жылғы аштық кезінде біздің отбасы Ресейді паналаған. Ресейдің Алтай өлкесі, Троицк ауданы Загайново деген селосында 1938 жылы 16 наурызда мен дүниеге келіппін.
Әкемнің айтуына қарағанда менің атам Әбілдә біздің тұқымдағы ең белгілі адам болған деседі, алғырлық, тілге бейімділік осы атамыздан тараған болуы керек. Бұл кісі 1933 жылы 56 жасында дүние салған екен. Атамызды көрмесек те, әкемнің әкесіне деген айрықша сүйіспеншілігін көріп, естіп өстік. Ол кісіні жақсы көріп, мақтаныш тұтатынбыз.
Атамыздың өмірінен бір жәйт айтайын. Атамыз он үшке келгенде үйленемін дегенді шығарады. Оған біздің арғы атамыз Аралбай, яғни әкесі: «шырағым, біраз толастай тұр, шаруашылықты аз да болса жөндейік», – дейді. Соған атамыз өкпелеп, үйден кетіп, Ресейден бірақ шығады. Әуелде темір жол салып жатқан жұмысшыларға қосылады, содан кейін Емельянов деген орыс көпесінің атқосшысы болады, сөйтіп жүргенде көпеске ұнайды. Ұнағаны соншалықты, көпес бұл балаға орысша хат тануына, тіпті ептеп білім алуына көмектеседі. Ешкімі жоқ жетім баладан өзіне берілген көмекші дайындамақ екен. Не керек, біздің тұқымдағы кейбір батылдық, өзінше жол іздеу қасиеті осы атамыздан болуы керек.
1944 жылы, алты жасымда, мені мектепке берді. Ол кезде мектепке негізі 8 жастан алушы еді. Бұл жағдайдың өзінше сыры бар. Ол менің тентектігім. Расында, бұл кез соғыс жылдары еді. Мен бес-алты жасар бала екенмін, ішім пысып, үйде асық ойнап, үйдің терезелерін сындырып қояды екенмін. Соғыс кезінде, әсіресе, қыс кезінде терезенің шынысын табу бұл бір қиын жағдай