Скачать книгу

Мысалы, билік өкілеттілігі, материалды ресурстар немесе құндылық бағдары бойынша шиеленістер адамдардың тұлғааралық, топаралық, мемлекетаралық өзара әрекеті деңгейінде туындауы мүмкін. Қалыптасу және даму үдерісінде шиеленістің бір түрі екіншісіне жүктеліп, бірнеше түрден тұратын қиын шиеленістерді құрайды.

      Түрлі тараптар мен түрлі шиеленіс мүдделері бір уақытта өзара әрекет ететін (көмектеседі, қарсы тұрады) қиын шиеленістер де бар. Мұнда бір тарап ынтымақтастықта басқа тараппен, одақта үшіншісімен, қатты шиеленісте төртіншісімен, бейтараптықта бесіншісімен, қарама-қайшылықта алтыншысымен, ал алтыншысы екіншісімен қарама-қайшылықта, т. б. болуы мүмкін.

      Әлеуметтік конфликтер қарсы әрекеттің формасы, тәсілі және қарқындылығына байланысты ерікті, еріксіз, барынша жоғары қарқынды және төмен қарқынды, ашық және жабық (жасырын) болып бөлінеді. Болу уақытына байланысты ұзақ мерзімді және жылдам, таралу масштабына байланысты жергілікті және кең масштабты болып бөлінеді.

      Конфликт уәжділігін және жағдаятты субъективті түрде қабылдауды ескере отырып шиеленістің түрлерін анықтайды:

      – жалған конфликт, субъект нақты себеп болмаса да жағдаятты шиеленіс деп қабылдайды;

      – потенциалды конфликт, шиеленістің пайда болуына нақты негіздемелер бар, алайда тараптардың бірі немесе екеуі де қандай да бір себеп негізінде (мысалы, ақпарат жетіспеушілігінен) жағдаятты шиеленіс деп таныған жоқ;

      – шынайы конфликт, тараптар арасындағы нақты қақтығыс. Өз кезегінде, шынайы конфликті төмендегідей тармақтарға бөлуге болады:

      – сындарлы – субъектілер арасындағы нақты қайшылық негізінде туындаған;

      – кездейсоқ – түсінбеушілік немесе жағдайлардың кездейсоқ тоғысуы бойынша туындаған;

      – аралас – шынайы себеп жасырын болған кезде, жалған дерек негізінде туындаған. Мысалы, өз біліміне қойылған төмен бағаға наразы студент емтихан алушы оқытушымен қақтығысқа түсу үшін кез келген сылтау іздейді;

      – дұрыс тіркелмеген конфликт – нағыз айыпкер болып табылатын конфликт субъектісі қарсыласудың «сыртында», ал конфликтіге оған қатысы жоқ адамдар тартылған. Мысалы, бір адамды өзі жасамаған қылмысы үшін айыптайды. Егер жіктеменің негізіне тараптардың психикалық жағдайы мен осы жағдайға сәйкес келетін конфликт жағдаятындағы адамдардың мінез-құлқы алынса, онда конфликтерді рационалды және эмоционалды деп бөледі. Конфликт мақсаты мен оның салдарына байланысты конфликтерді жағымды, жағымсыз, құрылымды және құрылымсыз деп бөледі.

3.2. Конфликт дамуының негізгі кезеңдері

      Әдетте, әлеуметтік конфликте дамудың төрт кезеңі анықталады:

      1. Конфликтіге дейінгі кезең.

      2. Конфликтің өзі.

      3. Конфликті шешу кезеңі.

      4. Конфликтен кейінгі кезең.

      Әрбір кезеңді нақтырақ қарастырамыз.

      Конфликт алды кезеңі. Конфликт алды кезеңі – бұл белгілі бір қарама-қайшылықтан туындаған конфликтің потенциалды субъектілері арасындағы қарым-қатынастағы қарбаластықтың өсуі. Алайда қарама-қайшылық әрдайым конфликтіге

Скачать книгу