ТОП просматриваемых книг сайта:
Білім беру аймағындағы конфликтология. Әлия Құдайбергенова
Читать онлайн.Название Білім беру аймағындағы конфликтология
Год выпуска 2016
isbn 978-601-04-2157-8
Автор произведения Әлия Құдайбергенова
Жанр Зарубежная образовательная литература
Издательство КазНУ
Жанама қатысушылар:
– конфликті өршітуі және оның дамуына түрткі болуы мүмкін;
– конфликтің қарқындылығын кемітуге немесе оның толығымен аяқталуына негіз болуы мүмкін;
– екі тараптың бірін немесе екі тарапты да қолдауы мүмкін.
Конфликтің жанама қатысушылары конфликт орын алатын қоршаған ортаның белгілі бір бөлігін құрайды. Сондықтан қоршаган орта конфликтің дамуын арттыратын катализатор ретінде және оны тежейтін немесе бейтарап фактор ретінде қызмет етеді.
Конфликт әлеуметтануында конфликтің тікелей және жанама қатысушыларын қамтуды ұсынатын «конфликт тараптары» ұғымы жиі қолданылады. Кейде жанама қатысушыларды үшінші тарап немесе үшінші қатысушы деп атайды. Әлеуметтік конфликт субъектілері мен қатысушылары белгілі бір күшке, түрлі дәреже (ранг) мен мәртебеге ие бола алады.
Дәреже (ранг) неміс тілінен аударғанда шен, атақ, санат, категория дегенді білдіреді. Әлеуметтік конфликтологияда ол жоғарғы-төменгі қағидат бойынша анықталады және қарсыласып жатқан тарапқа қатысты конфликтің бір субъектісі ие позицияны білдіреді. «Назар аударыңыз: конфликт!» атты кітаптың авторы қарсы пікір білдірушілердің (конфликт субъектілерінің) дәрежесін (ранг) анықтаудың төмендегідей тәсілін ұсынды:
1. Бірінші дәрежелі (ранг) оппонент (қарсы пікір білдіруші) – жеке өз атынан шығатын және өзінің жеке мүдделерін көздейтін адам.
2. Екінші дәрежелі (ранг) оппонент (қарсы пікір білдіруші) – топтық мүддені қорғайтын жеке индивидтер.
3. Үшінші дәрежелі (ранг) оппонент (қарсы пікір білдіруші) – өзара бір-бірімен тығыз байланыстағы топтардан тұратын құрылым.
4. Жоғары дәрежелі (ранг) оппонент (қарсы пікір білдіруші) – заң атынан шығатын мемлекеттік құрылымдар [2, 13].
Шынайы конфликте әр тараптың өзі қарсыластың дәрежесін (ранг) төмендетуге, ал өзінің дәрежесін көтеруге тырысады. Мысалы, пара айыбын ашқан мемлекеттік айыптаушы секілді жоғарғы дәрежеге ие прокурор өз мүддесін көздейтін жеке тұлға дәрежесіне ауысуы мүмкін. Прокурор тарапынан айыпталатын индивид – жауапсыз айыптаушының құрбандарының бірі болу, осылайша, заңгерлік конфликте өзінің дәрежесін көтеру. Кейбір зерттеушілердің (А.В. Дмитриев, В.Н. Кудрявцев, С.В. Кудрявцев) пікірінше, конфликтологияға оппонент дәрежесі ұғымын енгізу жеміссіз болады. Мұндай пікір толығымен