Скачать книгу

барлық герман кемелері дереу қарусыздандырылады… .

      34-бап. Уақытша бітімнің ұзақтығы ұзарту құқығымен 36 күнге белгіленеді. Осы мерзім ішінде оның шарттары орындалмаса, келісуші жақтардың бірі 48 сағат бұрын хабарлай отырып, келісімнің күшін жоюы мүмкін… .

      Международная политика новейшего времени в договорах, нотах и декларациях. Ч. 2. – М., 1926. – С. 194-197.

Версаль бітімшарты (үзінді)1919 жыпдың 28 маусымы1- бөлімҰлттар лигасының статусы

      1- бап. Барлық мемлекеттер, доминиондар немесе отарлар, егер жиналыстың үштен екісі оларды қабылдауды қолдаса, онда лигаға мүше бола алады, өйткені олар халықаралық міндеттемелерін бұлжытпауға шын ниетпен дайындығына кепілдеме береді және олардың әскери, теңіз және әуе күштері мен қару-жарағына қатысты лига белгілеген қағидаларды қабылдайды.

      Лиганың кез келген мүшесі алдын ала екі жыл бұрын ескерту жасағаннан кейін, егер бұл кезде өзінің барлық халықаралық міндеттемелерін, соның ішінде осы статус бойынша міндеттемелерін де орындаған болса, онда лигадан шыға алады.

      2- бап. Осы статуста белгіленгендей лиганың қызметін Жиналыс пен Кеңес іске асырады, олардың жанында тұрақты Хатшылық болады.

      3- бап. Жиналыс Лига мүшелерінің өкілдерінен құралады.

      Ол белгіленген уақытта және жағдайлар талап еткен кез кел-

      ген басқа сәтте лиганың тұрағында немесе белгіленуі мүмкін осындай басқа жерде шақырылады.

      Жиналыс лига қызметі шегіне кіретін немесе баршаға ортақ бейбітшілікке қатысты барлық мәселелерді қарайды.

      Лиганың әрбір мүшесінің жиналыстағы өкілдер саны үштен аспауы керек, ал дауысы біреу ғана болады.

      4- бап. Кеңес Басты Одақтас және Бірлескен мемлекеттердің Өкілдерінен, сонымен қатар лиганың басқа төрт мүшесінің өкілдерінен құралады. Лиганың осы төрт мүшесін жиналыс өзі қалаған мерзімге тағайындайды… .

      5- бап. Анық қарама-қарсы қарарлар болмағандықтан, осы статусты немесе осы шарттың қағидаларын, жиналыс пен кеңестің шешімдерін жиналысқа қатысып отырған лига мүшелері бірауыздан қабылдайды… .

      7- бап. Лиганың тұрағы ретінде Женева белгіленеді.

      Кеңес кез келген сәтте оны басқа жерде белгілей алады… .

      8- бап. Лига мүшелері бейбітшілікті сақтау ұлттық қаружарақты ұлттық қауіпсіздікке және бірлескен әрекет қоятын халықаралық міндеттемелерді орындауға сәйкес мейлінше аз мөлшерге дейін шектеуді талап ететінін мойындайды… .

      9- бап. 1, 8-баптардың қаулыларының орындалуы туралы және жалпы түрде, әскери, теңіз бен әуе мәселелері туралы өзінің қорытындыларын кеңеске беріп тұру үшін тұрқты комиссия құрылатын болады.

      10- бап. Лига мүшелері лиганың барлық мүшелерінің территориясының біртұтастығын және қалыптасқан саяси тәуелсіздігін кұрметтеуге және кез келген сыртқы шабуылдан қорғауға міндеттенеді… .

      11- бап. Кез келген соғыс немесе соғыс қаупі ол лиганың мүшелерінің біреуіне тікелей қатысы бар әлде жоқ екендігіне қарамастан, бүкіл лиганың назарын аударады және ұлттар әлемін

Скачать книгу