ТОП просматриваемых книг сайта:
Еуропa жəне Aмерикa елдерiнiң қaзiргi зaмaн тaрихы (семинaр сaбaқтaры бойыншa əдістемелік кеңестер). Гүлжауһар Көкебaевa
Читать онлайн.Название Еуропa жəне Aмерикa елдерiнiң қaзiргi зaмaн тaрихы (семинaр сaбaқтaры бойыншa əдістемелік кеңестер)
Год выпуска 2017
isbn 978-601-04-2120-2
Автор произведения Гүлжауһар Көкебaевa
Жанр Зарубежная образовательная литература
Издательство КазНУ
Бұл мәселені талдауда студент басты назарды мынадай сұрақтарға аударуы қажет: халықаралық ұйым құру туралы идея қалай туды, бұл идеяның нақты жоспарға айналуы, Ұлттар лигасының жарғысын жасау, осы ұйымды құрудағы басты державалардың өзіндік мақсаттары қандай болды, жарғыны талқылау барысында қандай дау-айтыс болды. Ең соңында Уставтың мәтінін талдау қажет (Версаль шартының бірінші бөлімі).
«Дүниежүзіне үстемдік ету» құралы ретінде халықаралық ұйым құру туралы идея АҚШ монополистік топтары ойында Антанта мен Үштік одақ арасында қызу соғыс жүріп жатқан кезде-ақ туған еді. Бұл идеялардың жаршысы 1915 жылы құрылған «Бітімге мәжбүр ету лигасы» еді. Вильсонның «14 пунктіндегі» Ұлттар лигасын құру туралы ұсыныс осы идеялардан, осы қозғалыстан туып, пісіп жетілген болатын.
Ұлттар лигасының жарғысын дайындауда екі жоба болды: Филлимор жобасы (Англия) және Буржа жобасы (Франция). Осы екі жобаның мазмұнына талдау жасай келіп, конференцияда түпкілікті жарғы ретінде ағылшын-американ варианты алынғандығын ескеру керек. Версаль шартының бірінші бөлімінде берілген Жарғы мәтінін талдау барысында 22-бабында негізделген мандаттық жүйеге ерекше назар аудару керек. Бұл жүйе отаршылдықтың жаңа формасы болып табылады.
Ұлттар лигасы халықтар арасындағы ынтымақтастықты дамыту және бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мақсатымен құрылды. Лиганың құрамына кірген елдер өздерінің өкілдерін жыл сайын жиналатын ассамблеяға жіберіп отырады, ассамблея даулы халықаралық мәселелерді шешуде жоғары арбитр болып саналды. Осы міндетті үнемі, тұрақты түрде атқару үшін ассамблеямен қатар кеңес құрылды. Басты бес жеңімпаз мемлекеттердің – АҚШ, Англия, Франция, Италия, Жапонияның өкілдері кеңестің тұрақты мүшелері болды (АҚШ конгресі Версаль бітімшартын бекітпеді және АҚШ-тың Ұлттар лигасына мүше болуына да келісімін берген жоқ). Ұлттар лигасының кеңесі бүкіл шешімдерді бірауыздан қабылдауға тиісті болды. 1920 ж. 10-қаңтарда Ұлттар лигасының жарғысы күшіне енді. 16 қаңтарда Парижде Ұлттар лигасы кеңесінің бірінші отырысы болды, 15 қарашада Женевада ассамблеяның бірінші сессиясы өткізілді. Соғыста жеңілген елдер, сондай-ақ Кеңестік Ресей Ұлттар лигасының құрамына кірген жоқ.
Семинар сабағына дайындалу барысында Ұлттар лигасының басқыншы мемлекетті ауыздықтау мүмкіншілігі туралы мәселеге айрықша назар аудару қажет. Ұлттар лигасының жарғысы басқыншы мемлекетке қарсы ұжымдық санкциялар (дипломатиялық және экономикалық) қолдану мүмкіншілігін қарастырды. Алайда Ұлттар лигасы