ТОП просматриваемых книг сайта:
Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары. Жомарт Жеңіс
Читать онлайн.Название Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары
Год выпуска 2017
isbn 978-601-04-2163-9
Автор произведения Жомарт Жеңіс
Жанр Учебная литература
Издательство КазНУ
Бе пеймудам ин рохе душвор ва дур.
Форушанде ам хам харидор низ
… Харам чорпой ва форушам гохар.
Саудамен келгем Ираннан Тұранға,
Қиын да қауіпті жолдардан өттім
Әрі сатамын, сатып аламын,
Мал аламын, гаухар сатамын, –
деп көшпенділерден мал өнiмдерiн алғандығын көрсетті.
«Шахнамеде» автор ирандықтар мен тұрандықтарды кейде ортақ дүниетанымға ие етiп көрсетеді. Жырда тұрандықтар ирандықтар өздерiнiң ресми хаттарын жазғанда оны күн мен айдың жаратушысы атынан бастайды:
Бе номе худованде хуршид ва мох (күн мен айдың жаратушысы атынан).
Күн мен айды қасиетті санау бiршама түркі халықтарында, солардың ішінде қазақ халқында да әлi күнге дейiн сақталған дәстүр. Зерттеушiлердiң пiкiрiнше, оңтүстік Сiбiрдi мекендейтін шор, алтай, хакас халықтарында осы дәстүрдің сарқыншақтары молынан кездеседі. Адамдар әлемі – бұл күн мен ай жарық қылатын әлем. Төменгі әлем жарық емес не нашар жарықталған. Жер әлемінде күн мен ай – уақыт өлшемі. Түркiлер босанатын әйел туралы айтқанда aй-күнi жеткен дейді, ай туғанда сәлем беріп, «ескі айда есірке, жаңа айда жарылқа» дейді.
Жырдың кейiнгi бөлiктерiнде тұрандықтар мен ирандықтар екі дүниетаным өкiлдерi ретінде суреттелетiн жерлер аз емес. Бұған басты себеп ирандықтардың зороастризм дiнiне жаппай кіруімен байланысты болар.
Мысалы:
Гарсиуз айтады: До кешвар – иеки оташ, ва дигар об.
Екі ел – бiрi от, екiншiсi су.
Жырда сондай-ақ көне түркілердің негiзгi сенім нысаны болған Тәңірі – Аспан ұғымы жайлы да мәліметтер кездеседі. Жырдың «Ескендір патшалығы» тарауында:
Аз ин пас биояд иеки номдар,
Зе даште савороне нейзегорон.
Иеки марде покизе на никхуй
Беду дине Яздон шавад чорсуй.
Иеки пире дехконе аташпарастэ
Ке пор дине Муса ке хони жаху
Ке гуяд джоз он ро нашояд сетуд
Дегар дине Иунони он парса
Ке дод овард дар деле падша.
Бұл жақтан бiр атақты,
Аттылар мен найзагерлер даласынан таза ер кici келді:
Төрт тарапты Яздон дініндегі,
Келесiсi отқа табынушы дихан – қария,
Келесiсi жөйт деп аталатын дiндi
Мактай беретiн Мұса жолын қуушылар
Келесi патша жүрегiнен
Оpын алған гректер діні.
Бұл жердегi Яздон діні деп отырғандары түркiлердiң Tәңірі діні болуы әбден мүмкін.
Жырдың тағы бiр жерiнде түркі қолбасшысы Барман хан кеңесшiсi Пиранға былай дейдi:
Кезе Асман созар нист,
Аспаннан артық ештеңе жоқ
немесе
Педар Асмон бод ва мадор 3амин
Аспан – әке, Ана – жер.
Осымен үндес көне түркі жазбаларының мәтінінен мына үзiндiлердi де мысалға келтiруге болады: «Аспан менің әкем Елтерiс қаған мен анам Ілбiлге қатынды өз құдiретiмен басқарып, оларды көкке көтеріп әкетті. Қағанға басқаруға мемлекет беретiн аспан, мені түркі аты мен халқы жоғалмасын деп қаған еттi.