ТОП просматриваемых книг сайта:
Экономикалық талдау негіздері. Жанар Оралбаева
Читать онлайн.Название Экономикалық талдау негіздері
Год выпуска 2014
isbn 978-601-04-0521-9
Автор произведения Жанар Оралбаева
Жанр Учебная литература
Издательство КазНУ
Экономикалық талдауда факторлар әртүрлі белгілері бойынша жіктелуі мүмкін:
Табиғаты бойынша:
– табиғи-климаттық факторлар;
– әлеуметтік-экономикалық факторлар;
– өндірістік-экономикалық факторлар.
Нәтижеге әсер ету деңгейі бойынша:
– негізгі факторлар;
– қосалқы факторлар.
Зерттеу объектісіне қатысы бойынша:
– ішкі факторлар;
– сыртқы факторлар.
Таралу деңгейі бойынша:
– жалпы факторлар;
– арнайы факторлар.
Әсер ету уақыты бойынша:
– тұрақты факторлар;
– ауыспалы факторлар.
Іс-әрекет сипаты бойынша:
– экстенсивті факторлар;
– интенсивті факторлар.
Шаруашылық қызмет нәтижелеріне әсер ету көзқарасынан олар негізгі және екінші деңгейлі, ішкі және сыртқы, объективті және субъективті, жалпы және спецификалық, тұрақты және үзілісті, экстенсивті және интенсивті болып бөлінеді.
Негізгілері нәтижелі көрсеткіштерге шешуші әсер ететін факторларды қамтиды. Екінші деңгейлі берілген жағдайларда щаруашылық қызмет нәтижелеріне шешуші әсер етпейтіндер жатады. Осында бір фактор шарттарға байланысты, негізгі де және екінші деңгейлі де болуы мүмкін екендігін белгілеп кету керек. Түрлі факторлардан анықтайтын талдау нәтижелері бойынша негізгілерін ерекшелей алу шешім шығарудың дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Экономикалық құбылыстар мен процесстерді зерттеуде және кәсіпорынның қызмет ету нәтижелерін бағалау кезінде факторлар ішкі және сыртқы факторларға жіктеледі, яғни берілген кәсіпорын қызметіне тәуелді және тәуелсіз болады.
Әр кәсіпорын жұмысының нәтижесіне көптеген жағдайларда жетілген өндірістік байланыстар және қатынастар кезінде мәнді дәрежеде басқа кәсіпорынның қызмет етуі әсер етеді, мысалы, уақытылы шикізаттар, материалдар жеткізу, оның сапасы, құны, нарық конъюнктурасы, инфляциялық процестер және т.б. Кәсіпорын жұмысының нәтижесіне мамандандыру саласындағы және өндірістік кооперацияларда үзілістердің көрініс табуы сирек емес. Бұл факторлар сыртқы болып табылады. Бұл берілген ұжымның күшін сипаттамайды, бірақ олардың ішкі себептерінің әсер ету дәрежесін нақтырақ және өндірістің ішкі резервтерін толық анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорын қызметін дұрыс бағалау үшін факторларды объективті және субъективтіге бөлу қажет. Объективті адамдардың еркіне және қалауына байланысты емес, мысалы, табиғи апат. Объективтіден субъективті себептер жеке адамдардың, кәсіпорынның, ұйымдар және мекемелердің қызметіне тәуелді болады.
Факторлар, сонымен қатар жалпы және спецификалық болып бөлінеді. Жалпыға экономиканың барлық саласында қызмет ететін факторлар жатады. Спецификалық экономиканың немесе кәсіпорынның жеке салалары жағдайындағы жайттарды қамтиды. Факторлардың мұндай бөлінуі жеке кәсіпорындардың өндіріс салаларының ерекшеліктерін