Скачать книгу

немесе қатерлерден қорғалу механизмдерін қалыптастыруға негізделген. Өйткені, әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік – ішкі-сыртқы экономикалық қатерлердің бетін қайтаруға қабілетті, экономикалық тұрақтылықты сақтау және ұлттық экономиканың мемлекет тарапынан қорғалуына бағытталған өзара байланысты экономикалық кешенді шаралардан тұратын динамикалы жүйені білдіретін экономиканың жай-күйі ретінде анықталады (4-сурет).

      Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуінің сандық және сапалық көрсеткіштері бар болғанымен, оның негізгі түйіні ұлттық экономикалық мүдделерді жүзеге асыру қабілетімен көрінеді. Экономикалық мүдде қоғам мен мемлекеттің қысқа мерзімдегі мақсаттарына ғана емес, ұлттық экономиканың стратегиялы дамуын қалыптастыруға әсер етеді. Оны жүзеге асыруда басты субъект – мемлекет.

      4-сурет – Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік құрылымдары. Осы дерек көзінен құрылды [18]

      Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігінде қауіп – қатер факторлары жиі қолданылады.Олар мыналар:

      – аймақтар дамуының әлеуметтік – экономикалық деңгейдің объективті айырмашылықтары, өнеркәсіп өндірісіндегі құрылымдық өзгерістер фонында экономикалық қатынастарда депрессиялық, дағдарысты, артта қалған аудандардың болуы;

      – Қазақстанның жеке қалаларының кәсіпорындары арасында өндірістіктехникалық байланыстардың бұзылуы;

      – Қазақстан Республикасының жеке аймақтарының арасында жан басына шаққандағы ұлттық табысты өндіру деңгейінде алшақтықтың ұлғаюы;

      – Қазақстан аудандар экономикасының дамуында диспропорция сақталуда.

      Аймақтардың экономикалық бірігуі Қазақстан нарығының қызмет етуінің міндетті шарты. Бірақ жеке аудандар, әсіресе табиғи – шикізат ресурстарына бай, өз артықшылықтарын біржақты қолдануға ұмтылады. Осыдан мемлекеттің аумақтықсараланған саясат керектігі шығады, яғни аймақтарға бірдей нарықтық жағдай жасау үшін.

      Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік қауіп-қатерінің басқа факторы – ол экономиканың, ұлттық экономиканың теңгерімсіздігін шақыртатын екі әлсіз байланысқан секторға жіктелуі, экспорттық және ішке бағытталған салалардың поляризациясы. Осы қатынаста ең жақсы жағдайда отын – энергетикалық сектордың кәсіпорындары болып қалды, оларда кепілді өткізу нарықтары болды және шетел капиталымен жекешелендірудің объектілері болды.

      Қазақстан Республикасының экспорттық құрылымын зерттеу негізінде тауар номенклатурасының бөлімдері бойынша (экономикалық қызметтің барлық түрлерінің Жалпы жіктеуіне сәйкес) экспорттық бағытталған салаларға – энергетикаға арналған материалдардан басқа кен қазу, қара металлургия және түсті металдарды өндіру; ішке бағытталған салаларға – өңдеу өнеркәсібі; басқа салаларға – электр энергиясын, газды және суды өндіру және тарату жатады.

      Басқа фактор – экспорттық бағытталған көбінесе

Скачать книгу