ТОП просматриваемых книг сайта:
Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару. Өтеғали Шеденов
Читать онлайн.Название Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару
Год выпуска 2014
isbn 978-601-04-0673-5
Автор произведения Өтеғали Шеденов
Жанр Зарубежная образовательная литература
Издательство КазНУ
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін тұжырымдық негізде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасының мемлекеттік деңгейге жобаламасы ретінде қарастырған абзал. Бұл жеке адамдардың, қоғамның, мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделерін ішкі және сыртқы қатерлерден қорғауды қамтамасыз ету үшін қажет.
Экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздік мәселелері мемлекет тарапынан ішкі және сыртқы қауіптерден қорғалуда экономикалық қуаттылықты, әлеуеттік қалыптастырудағы арнайы саясаты негізінде жүргізіледі. Себебі, әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік – бұл ішкі және сыртқы экономикалық қауіптердің бетін қайтаруға қабілетті, экономикалық тұрақтылықты сақтау және ұлттық экономиканың мемлекет тарапынан қорғалуына бағытталған өзара байланысты экономикалық кешенді шаралардан тұратын динамикалы жүйені білдіретін әлеуметтікэкономиканың жай-күйі ретінде анықталған.
Даму – әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік компоненттерінің бірі. Егер экономика дамымаса оның өмір сүруінің, сондай-ақ сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерге қарсы тұру және бейімделу мүмкіндігін төмендетеді. Тұрақтылық пен қауіпсіздік – экономиканың тұтас жүйе ретіндегі маңызды сипаттамасы болып табылады. Оларды бір-біріне қарсы қоюға болмайды, себебі олардың әрқайсысы өздігінен экономиканың жай-күйін сипаттайды. Экономиканың тұрақтылығы оның элементтерінің, тік, көлденең және ішкі жүйенің басқа да байланыстарының беріктігі мен сенімділігін, ішкі және сыртқы ауыртпалықтарды көтеру мүмкіндігін, сондай-ақ күтпеген немесе болжауы қиын факторлардан туатын іс-әрекеттерді сипаттайды. Қауіпсіздік – ішкі және сыртқы қауіп-қатер туындаған жағдайда өзін-өзі қорғау мүмкіндігін қамтамасыз ету байланыстар жүйесіндегі объектінің жай-күйі.
Экономикалық жүйе (мысалы: салааралық қарым-қатынас) сонымен қатар, өндірістік және қаржылық-банктік капитал қатынастар жүйесі неғұрлым тұрақты болса, соғұрлым эканомиканың өміршеңдігі жоғары болады, яғни оның қауіпсіздігін бағалау мүмкіндігі артады. Жүйенің әртүрлі компоненттері арасындағы қатынастармен байланыстарының бұзылуы тұрақсыздыққа алып келеді және ол экономиканың қауіпсіз күйден қауіпті күйге өту белгісі болып табылады.
Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік – экономикалық тәуелсіздігі мен тұрақты дамуына қауіп төндіретін ішкі және сыртқы факторлардан, үдерістерден, жағдайлардан қорғау. Экономикалық қауіпсіздікке төнетін қауіп мемлекеттік жүйенің басқару жүйесінің негізгі буындарының құлдырауы, ұлттық байлыққа нұқсан келуі, технологиялық артта қалушылық, қаржынесие, валюта жүйесінің бұзылуы, ғылыми әлеуметтік регресс, қоғамның ыдырауы, конституциялық әлеуметтік және кепілдікпен адамдарды қамтамасыз ете алмау сияқты ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен туындайтын қауіптің мүмкіндігі. Факторлар – үдеріс, құбылыстардың