ТОП просматриваемых книг сайта:
Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы. А. Турлыбекова
Читать онлайн.Название Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы
Год выпуска 2016
isbn 978-601-04-0713-8
Автор произведения А. Турлыбекова
Жанр Учебная литература
Издательство КазНУ
Бағалы қағаз мынадай қызметтерді жүзеге асырады:
1. Бағалы қағаздар арқылы ақша қаражаттарын қайта бөлу – эмитент – кәсіпорындар арасында, эмитент – кәсіпорын мен инвесторлар арасында және т.б. арасында бағалы қағаздар арқылы ақша қаражаттарының құйылуы. Мысалы, бір кәсіпорын басқа бір кәсіпорынның бағалы қағаздарын сатып алады, кәсіпорындар бір-біріне кредитор немесе инвесторлар бола алады.
2. Қаржыны жұмылдыру – кәсіпорынның жарғысын қалыптастыру, нақты жобаны жүзеге асыру, пайда табу барысында кәсіпорындар бағалы қағаздарды эмиссиялау арқылы ақша қаражаттарын тартады.
3. Төлем және есеп айырысу қызметі – көрсетілген қызметтер мен сатып алынған тауарлар бойынша бағалы қағаздар арқылы есеп айырысу.
Экономикалық категория ретінде бағалы қағаздың мынадай белгілері бар:
1. мерзімділік:
• бағалы қағаздың айналымда жүру кезеңі.
2. кеңістік:
• бағалы қағаздың нысаны;
• бағалы қағаздың ұлттық сипаты;
• бағалы қағаздың территориалдық сипаты.
3. нарықтық:
• бағалы қағазды иелену құқығы: ұсынушыға немесе нақты тұлғаға (заңды немесе жеке тұлғаға) арналған бағалы қағаз;
• бағалы қағазды эмиссиялау нысаны: эмиссиондық, сипаты жағынан бір-біріне ұқсас болып келетін бағалы қағаздарды жекелеген сериямен шығару және эмиссиондық емес (жеке);
• эмитент түрі: мемлекет, корпорация, жеке тұлғалардың бағалы қағазды эмиссиялауы;
• бағалы қағаздың айналымдылық сипаты: нарықта еркін немесе шектеулі түрде айналымда болады;
• тәуекел деңгейі: бағалы қағаз бойынша тәуекел деңгейі төмен, жоғары және т.б;
• бағалы қағаз бойынша есептелетін пайданың болуы немесе болмауы;
• номиналдың түрі (тұрақты және ауыспалы)
Бағалы қағаздар, экономикалық қатынастар жүйесінде ақшаны жұмылдыру, жұмсау және айырбастау үдерісіндегі ыңғайлы әрі тиімді құрал болып табылады. Халыққа белгілі бір кәсіпорынның табыстарына ортақтасуға мүмкіндік бере отырып, бағалы қағаздар іскерлік белсенділікті арттыра түседі.
Бағалы қағаз есеп айырысу кезінде кепіл ретінде қолданылуы мүмкін; жылдар бойы сақталуы мүмкін; мұрагерлікке берілуі мүмкін және т.б.
1.2 Бағалы қағаздың деректемелері
Бағалы қағаздың деректемелері – бағалы қағаздың экономикалық және техникалық сипаттамаларын білдіреді. Бағалы қағаздың деректемелері заңмен бекітіледі. Шартты түрде бағалы қағаздың деректемелері екі топқа жіктеледі: бірінші тобы – бағалы қағаздың экономикалық мазмұнын сипаттайтын экономикалық деректемелер; екінші тобы – техникалық деректемелер, яғни бағалы қағаз иесінің құқығын жүзеге асырушы мекеменің атауы, мөрі, қолы, мекенжайы, реттік нөмірі және т.б.
Бағалы қағаздың міндетті деректемелерінің біреуінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыздығын білдіреді. Бағалы қағаздармен