ТОП просматриваемых книг сайта:
Қолданбалы химия. Роза Рыскалиева
Читать онлайн.Название Қолданбалы химия
Год выпуска 2016
isbn 978-601-04-1880-6
Автор произведения Роза Рыскалиева
Жанр Зарубежная образовательная литература
Издательство КазНУ
Гидроэнергетикалық құрылғылардың (ГЭҚ) 3 түрі бар:
1. Гидроэлектр станциялары (ГЭС) өзен энергиясын қолданады. ГЭС электр энергиясын алу үшін пайдаланылатын ең қарапайым құрылғыны сипаттайды. ГЭС пайдалы әсер коэффициентінің (ПӘК) өте жоғары мәні тән (93 %), ал ЖЭС-ының ПӘК – 40 % құрайды. ГЭС өзінің қуатын оңай өзгертетін және жан жақты құрылғы болып табылады. АЭС немесе ЖЭС-мен салыстырғанда оларда агрегаттарды тоқтату немесе жүргізу оңай, әрі олардың қуаттылығын өзгерту жылдамдығы үшін шектеулер жоқ. Сондықтан ГЭС-ның арзан энергия көзі ретінде маңызы зор.
ГЭС-ның қоршаған ортаға кері әсері төмендегідей:
· ауылшаруашылығы және орман шаруашылығын жүргізуге ыңғайлы әрі құнарлылығы жоғары жер бөліктерін су басады. Су басқан құнарлы топырақ суды биогенді элементтермен байытады, ал ол эвтрофикация үдерісінің дамуының және су сапасының бірден төмендеуіне әкеледі;
· бөгеттің болуы балықтардың уылдырық шашуына кедергі тудырады, бұл жағдай балық қорына кері әсерін тигізеді;
· сонымен қатар кері әсерге жер асты сулары режимінің бұзылуы, климаттың локалді өзгерісі, булану нәтижесінде су азаюының артуын жатқызуға болады;
· ірі су қоймаларын құру оған жақын орналасқан аудандарда сейсмикалық белсенділіктің пайда болуы мен артуына әсер етуі мүмкін.
2. Гидроаккумуляциялау станциялары (ГАЭС) жасанды су қоймалары мен көл энергиясын жинау мен пайдалану мүмкіндігі бар. Мұндай станцияларда олардың өздерінде арнайы жинақталған гидравликалық энергияны пайдаланады. Олар екі құрылғыны: құбырлы және сорғымен құрылғыны біріктіреді. Сорғы құрылғысы арнайы бассейнге өзеннен су жинауға мүмкіндік береді. Ол үшін энергия жұмсалады. Белгіленген уақытта су бассейннен станцияда тұрған құбырлар арқылы үлкен қысыммен жіберіледі, яғни белгілі бір энергетикалық қуаттылық алынады. ГАЭС пайдалы әсер коэффициенті – 70-80 % құрайды. ГАЭС құру энергия пайдаланудың жоғарылығымен байланысты. Электр энергиясы әсіресе таңертеңгі және кешкі уақыттарда шексіз жұмсалуда. Осындай уақыттарда ГАЭС қолданылады. Түнгі уақытта олар АЭС мен ЖЭС-ларының энергиясын пайдаланып, бассейнге су жинайды және энергия өорын жасақтайды. ГАЭС кемшіліктері ГЭС кемшіліктерімен бірдей.
3. Тасыма су электростанциялары (ТСЭС) теңіздер мен мұхиттар суының көтерілуі мен қайту энергиясын пайдаланады. Теңіздер мен мұхиттардың энергиясын пайдаланады. Теңіз суының көтерілуі