ТОП просматриваемых книг сайта:
Қолданбалы химия. Роза Рыскалиева
Читать онлайн.Название Қолданбалы химия
Год выпуска 2016
isbn 978-601-04-1880-6
Автор произведения Роза Рыскалиева
Жанр Зарубежная образовательная литература
Издательство КазНУ
4. Күн бұлақтары. Жасанды су қоймалары тұздықтармен (аса тұздалған су) жартылай толған, ал оның үстінде тұщы су бар. Тұзды судың тығыздығы жоғары келеді, сондықтан ол түбінде қалады және жоғарғы қабатпен тіптен араласпайды. Күн сәулелері тұщы су арқылы өтіп, тұзды сумен жылуға айнала сіңіріледі. Жоғарғы қабат төменгі қабаттың салқындауына мүмкіндік бермей оқшаулағыш қызметін атқарады. Тұздың ыстық қабаты құбырлар арқылы бөлмені жылытады.
Күн энергиясын қайта өңдеудің аталған құрылғыларының барлығының кемшілігі ретінде олардың осындай қуатта жұмыс істейтін ЖЭС салыстырғанда үш есе үлкен аймақты қажет ететіндігін және олардың тұтынушылардан алшақ емес болуын (80 км шамасында) атауға болады.
Күн энергиясы су айналымын, ауа циркуляциясын және биосфераның органикалық затының жинақталуын қамтамасыз етеді. Күн энергиясының қайта өңделген әртүрлі формаларының барлығы Күннің түсетін сәулесімен толығымен байланысты болады. Бұл энергошикізаттарды пайдаланғанда күн энергиясын жанама қолдану болады.
БИОЭНЕРГЕТИКА. Биоэнергетика – биомассаны энергия көзі ретінде қолдану. Биомасса – фотосинтез нәтижесінде түзілген кез келген органика болып табылады. Оның энергетикалық пайдаланылуы – отын түрінде тікелей қолданылуы немесе оның әр түрлеріне қайта өңделуі. Мұнда бірнеше әдістері бар.
1. Тікелей жағу – ағаштарды пеште жағу. Биомассаны пайдаланудың бұл ең қарапайым, алайда экологиялық жағынан ең лас түрі, себебі бұл жағдайда атмосфера ластанады және орман экожүйесі жойылады.
2. Бензоспиртті алу. Қант қызылшасынан көлік жанармайын алудың кең ауқымды өндірісін бастаған бірінші мемлекет Бразилия болды:
Алайда бұл отын түрінің де кемшіліктері бар. Біріншіден, алғашқы өнім ретінде тағамдық өнімдер (қант қызылшасы, дәндік дақылдар) қолданылады. Екіншіден, қоршаған ортаның ластануы жүреді. Спирттің жануы – экологиялық тұрғыдан таза үдеріс, алайда оның өндірісі қайта айдауда басқа отындарды (мысалы көмір) көп мөлшерде қолдануы салдарынан «лас» деп есептеледі. Сондықтан спирт өте қымбат өнім болып табылады.
3. Биогаз алу (биометаногенез). Анаэробты жағдайларда бактериялардың органикалық заттармен қоректенуі биогаздың бөлінуі арқылы жүреді, оның 2/3 бөлігі метаннан СН4 тұрады. Бактериялар биометаногенез