Скачать книгу

қатар Қазақ АКСР-нің құрамына Синемор болыстығы және Астрахан губерниясы Бөкей ордасының 1-және 2-Приморье округіне қарасты бұрынғы қазыналық жерлер; жағалау жерлері, Сафрон, Ганюшкин, Николаев (соңғысы – шаруашылық жағынан ыңғайлы деп Астрахан губерниялық Атқару комитеті құрамында қалдырылған) болыстықтары кірді.

      Қырғыз (Қазақ) автономиялық республикасына қарасты Орынбор-Торғай губерниясы төрт: Қостанай (Семей губерниясы, Петропавл уезінің Қостанай бөлігі); Торғай (Торғай мен Ырғыз уездері); Ақтөбе (Ақтөбе, Темір және Адай уездері) және Орынбор (бұрынғы шекара шеңберінде қалдырылды) губернияларға бөлінді.

      Қырғыз (Қазақ) автономиялық республикасы мен Сібірдің Омбы уезі (Есілкөл станцасы Қазақ АКСР-і аймағында қалдырылды) аралығында шекара белгіленді. Шекара сызығы Петропавл арқылы Есілкөл станцасынан шығысқа қарай, одан әрі Кіші Қараой, Їлкен Қараой көлдері, Қара Терек шатқалынан солтүстікке қарай, яғни орыс болыстықтарының оңтүстік шекарасы арқылы Ертістегі Черлак станицасына (Қазақ АКСР-інде қалдырылған) жүргізілді. Қырғыз (Қазақ) автономиялық республикасының Орынбор-Торғай губерниясы (РКФСР БОАК-нің 1921 жылдың 28 мамырындағы қаулысының өзгеруіне байланысты) үш губернияға – Орынбор (Ор және Орынбор уездері), Ақтөбе (Ақтөбе, Ырғыз, Темір, Ойыл уездері), Қостанай (Торғай, Қостанай Всехсвятск ауданымен бірге (РКФСР БОАК-нің 1921 жылдың 8 желтоқсанындағы қаулысына сәйкес) бөлінді. Сонымен, жаңа әкімшілік бөлініс (1924 жылдың 14 қаңтарына дейін екенін ескеру қажет) мына құрамда бекітілді:

      Дерек: Сулькевич С.И. Административно-политическое деление строения СССР. – Л., 1926. – С. 161 – 162.

      Ұлттық-аумақтық құрылыс саласындағы басты оқиға – 1924 жылғы Орта Азиядағы ұлттық межелеу. 1924 жылы қыркүйекте Түркістан республикасы ОАК-нің сессиясы Жетісу мен Сырдария облыстарына Түркістан АКСР-і құрамынан шығып, Қазақ АКСР-іне бірігу құқығын берді. КСРО БОАК-і Түркістан ОАК-нің қаулысын мақұлдады. Сонымен, 1924 жылы қарашада Қазақ АКСР-і республикаға қайтарылған аудандарды қабылдау туралы Ревком құрды. Оған әкімшілік, территориялық және экономикалық мәселерді шешу, сонымен қатар Қазақ АКСР-і Кеңесінің 5-съезіне делегаттар сайлауды даярлау, өткізу тапсырылды. Қазақ АКСР-і Кеңесінің 5-съезі (1-қазақтық80) Қазақстанның барлық дерлік аймағын біріктіріп, республиканың шаруашылық-мәдени өмірінің жандануы жағдайында, яғни Қазақстанның бүкіл облыстарын түпкілікті біріктіру ұранымен өтті. 5-съезд Қырғыз АКСР-ін Қазақ АКСР-і деп өзгертіп, ал Қазақстанның жаңа астанасы – Ақмешіт (бұрынғы Перовск) Қызылорда атауын алды (Қызыл Астана)81. Орынбор РКФСР-дің құрамына кірді.

      Сонымен, Орта Азия межелеуінен кейін Қазақстан АКСР-інің құрамына бұрынғы Түркістан АКСР-інің төмендегі аймақтары кірді (Түркістан АКСР-і 1924 жылы 27 қазанда жойылды):

      1) Сырдария облысынан: Ақмешіт, Қазалы, Түркістан, Шымкент уездері, Әулиеата уезі толығымен мынадай болыстықтарымен – Ағаяқ, Ақкүлтін, Ащы, Ботамойнақ-Ақмола, Батыс және Шығыс Аспары, Қарабақыр, Қарабастау,

Скачать книгу


<p>80</p>

V Всеказахская конференция РКП (б). Стен. отчет и резолюции. 1 – 7 декабря 1925 г. – Кзыл-Орда, 1925. – С. 2.

<p>81</p>

Рыскулов Т.Р. Казахстан. – М. – Л., 1927. – С. 55 – 56.