ТОП просматриваемых книг сайта:
1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы. К. А. Саркенова
Читать онлайн.Название 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы
Год выпуска 2011
isbn 9965-29-641-3
Автор произведения К. А. Саркенова
Жанр История
Издательство КазНУ
Дерек: Статистико-экономический обзор КССР. – Оренбург, 1923. – С. 72.
Қазақ АКСР бойынша қала халқы 8,3 %-ды құрады. Қала халқы сан жағынан Орынборда (172 786 адам), Оралда (51 315 адам) және Семейде (96 519 адам) басым болды92.
Халықтың жас/жыныстық құрамы 1920 жылдың деректері бойынша 100 адамға төмендегіше келді:
Дерек: Статистико-экономический обзор КССР. – Оренбург, 1923. – С. 72.
Торғай мен Адай уездерін есептемегенде, қалалардағы әйелдердің саны басым болды:
Орыстар мен татарлар шоғырланған қалаларда әйелдер, ал қазақтары көп қалаларда еркектер көбірек болды.
Ауыл халқы арасында әйелдері басым губерниялар:
Ал керісінше, еркектердің басымдығы мына губерниялардан байқалды:
Статистика ғылымы әйелдердің еркектерден сан жағынан басым болуын еркектердің әйелдерге қарағанда, қауіп-қатерге жақындығымен түсіндіреді.
1920 жылғы санақ бойынша 14 және оған дейінгі, 60 және одан жоғарғылар еңбекке жарамсыз, ал 15 пен 19, 50 мен 59 аралығындағылар жартылай еңбекке жарамды, ал 20 мен 49 аралығындағылар еңбекке жарамды деп танылған. 1920 жылғы санақ бойынша Қазақ АКСР-інде 34,1 % еркек пен әйел (қалада – 38,1 %, ауылда – 33,7 %) еңбекке жарамды; ал халықтың 15,6 %– ы – жартылай жарамды (қалада – 16,9 %, ауылда – 15,4 %) деп танылды. Егер бұл категорияны еңбекке жарамды деп танысақ, онда Қазақ АКСР-і үшін соңғысы халықтың 41,9 %-ын құраған93.
Сонымен, әрбір 1000 тұрғынның 419 адамы еңбек жасында, ал осы 419 адамның еңбегімен күн көретіні, яғни 581-і – еңбекке жарамсыз деп табылды.
Қазақ АКСР халқының ұлттық құрамы жағынан басымы:
Дерек: Статистико-экономический обзор КССР. – Оренбург, 1923. – С. 78-79.
Ауыл халқы ұлттық құрамы жағынан губерниялар бойынша төмендегідей сипатталды:
Дерек: Статистико-экономический обзор КССР. – Оренбург, 1923. – С. 79.
Сонымен, Қазақ АКСР-інің қалаларында 38 ұлт өкілдері тұрып, сан жағынан орыстар (72,8 %) басым келсе, ал ауылда сан жағынан басымы қазақтар (50,3 %), одан кейін орыстар (31,3 %), украиндар (14,4 %), татарлар (1,6 %), немістер (1,3 %), мордвалар (0,7 %), белорустар (0,1 %) болған94.
1.3. Халықтың сауаттылығы
1920 жылдың демографиялық санағы бойынша ана тілінде оқып, жаза білген әрбір адам, сонымен қатар мектеп табал-дырығын аттаған әр оқушы сауаттылар қатарына кірді. Қазақ АКСР-інің 4 781 263 халқына санақ бойынша 683 679 сауаттыдан келді, оның 450 693-і ер адам, 232 986-сы әйел адам болды. Сонымен әрбір 100 адамға 14,3 % сауаттыдан, оның – 19,1 %-ы ер адамға, 9,6 %-ы – әйел адамға келді95.
1897 жылы Ресейде жүргізілген санақпен салыстырсақ, арада өткен 23 жылда Қазақ АКСР-індегі сауаттылық процесінің өте баяу жүргені аңғарылады:
Халықтың сауаттылығы (%-бен)96
92
Предварительные итоги переписи населения 28 августа 1920 г. Труды ЦСУ. – М., 1921. Т. 1. Вып. 2. – С. 11 – 13; 15 – 17.
93
Предварительные итоги переписи населения 28 августа 1920 г. Труды ЦСУ. – М., 1921. Т. 1. Вып. 2. – С. 74 – 75.
94
Статистико-экономический обзор КССР. – Оренбург, 1923. – С. 80.
95
Сонда, 97-б.
96
Статистико-экономический обзор КССР. – Оренбург, 1923. – С. 80.