Скачать книгу

шот-фактураларды жазып беру бойынша іс-әрекеттер жасау.

      Сонымен аталған іске қайта орала отырып, біз алаяқтықты клиенттің тапсырыс берушімен шартқа қол қоюға қатысы жоқ, жалдамалы қызметкер болуымен жеңгенімізді атап өткен жөн. Шарттың өзі де, ол бойынша міндеттемелер де орындал- ған. Сотқа қорғау өтініші бойынша тапсырыс беруші клиентке ешқандай шағымдары жоқ және осыған дейін болмаған да деп мәлімдеме берді, тараптар қол қойған орындалған жұмыс актісі бар. Әрине, ешқандай ұйымдасқан қылмыстық топ туралы сөз болуы мүмкін емес еді, өйткені оған басқа ешкім тартылмаған, іс бойынша басқа қатысушылар болған жоқ.

      Бірақ ол салық төлеуден жалтарғаны үшін сотталды. Бір жарым жыл қамауда болды, өйткені, бұл үшін біреу жауап беруі керек еді. Сондықтан прокурорды масқара етпеу үшін оны салық төлеуден жалтарған деп тапты. Дәл сол кезде амнистия болды. Соған байланысты оған қамауда отырудың қажеті болмады. Сонымен қатар бастапқыда іс қозғайтындай еш бір себеп болған жоқ. Сондықтан кәсіпкерге мемлекетпен байланысу қауіпті.

      Бұл жағдайда клиентім жұмыс істеген компанияда шеге- лер, болттар, шпалдар, рельстер және т.б. жеткізетін жүздеген қосалқы мердігерлер болды. Бұл компаниялардың кейбірінде бір ғана адам жұмыс істеді. Сондықтан бұл құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында орынды күдік тудырды. Бұл микрокомпаниялар тауарды жеткізгендерін айтты, бірақ оны қайдан алғанын құжаттай алмады. Одан кейін материалдар нақты қабылданған қоймалардан айғақтарды көрсетуге тура келді. Бұған қорғаныс тарапының көп уақыты кетті. Бұл фирмалардың жалған кәсіпорындар ретінде немесе оларды тіркеу сот актілерімен жарамсыз деп танылмағаны сәттілік болды.

      Сондай-ақ сотта компания қызметкерлері, контрагенттер тергеуде бергеннен басқа куәліктер берді. Олар айыптау тарапынан оларға қысым көрсетілгенін мәлімдеді.

      Сондықтан кәсіпкерлер алаяқтық және басқа да экономикалық баптар бойынша қылмыстық қудалау орбитасына түспеуі үшін «тазалық» ережелерін сақтау қажет. Олардың ішінде контрагенттерді жан-жақты тексеру регламентін жасау, лауа- зымдық нұсқаулықтар, бухгалтериядағы тәртіпті қадағалау, қызметкерлерді тергеу әрекеттері кезінде құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл кезінде мінез-құлық қағидаларына үйрету, ағымдағы шаруашылық қызметтің қылмыстық- құқықтық тәуекелдеріне аудитті (заң аудиті) тұрақты жүргізу қажет.

      Контрагентті тексеру регламентіне мынадай мәселелерді анықтау кіреді: болашақ контрагенттің беделі, материалдық базасы, жұмыс тәжірибесі, сот даулары, атқарушылық іс жүргізулер бар ма, қызметкерлерінің болуы және т.б.

      Бұл ақпаратты қажетті орынға барып тексеру ұсынылады.

      Әрі қарай жағдайды осы немесе басқа іс тұрғысынан қарау керек. Бір жағдайда жасаған әрекеттер, екіншісінде жұмыс істей алмайды. Мысалы, кәсіпкер келісімшарт бойынша жұмысты толық орындағанын нақты біледі, барлық растайтын құжаттар және құқық қорғау органдарымен

Скачать книгу