Аннотация

Адвокат Тайыр Назхановтың еңбегі мен көпжылдық тәжірибесінің нәтижесі. Адвокат баршаға түсінікті тілмен кәсіпкерлер қылмыстық қудалаудан қалай қорғануы керегін айтады. Егер сіз әлі де қылмыстық процесс шеңберінде жүрсеңіз не істеуге болатыны, не істеуге болмайтыны жөнінде кеңес береді. Адвокат экономика саласындағы қылмыстар бойынша қылмыстық процестің әр жеке сатысында қорғаудың ерекшелігіне егжей-тегжейлі тоқталады, қорғаушы ретінде де, жәбірленушінің өкілі ретінде де экономикалық қылмыстар бойынша істерге қатысудағы жеке тәжірибесінен ой бөліседі. Кітапта нақты істер бойынша іс жүргізу құжаттарына мысалдар бар, олардағы сотталушылардың аты-жөндері, сондай-ақ фирмалар мен компаниялардың атаулары этикалық, құқықтық және кәсіби себептермен, «адвокат құпиясы» ұғымына сәйкес жария етілмейді. Кітаптың ортақ авторы, адвокат Дархан Дүйсембеков нормативтік- құқықтық базаны таңдап, соның арқасында бұл жұмыс кәсіпкерлерге бизнесті қылмыстық қудалаудан қорғауға арналған анықтамалық бола алады.

Аннотация

Заңгер-практик өзінің кітабы арқылы қазақстандық қылмыстық іс жүргізу жүйесінің іс жүзінде қалай жұмыс істейтіндігіне қатысты практикалық білімдерімен қолжетімді және түсінікті тілде бөліседі. Оның үстіне, түрлі жағдайға байланысты әр адам өз еркімен, көбінесе еркінен тыс жүйенің «бұрандасына» айналып, мүлдем жағымсыз жағдайларды басынан өткізуі мүмкін. Көптеген адамдар сотқа дейінгі тергеу мен сот процесі қалай өтетіндігі туралы, негізінен, Перри Мейсон туралы телехикаялардан немесе географиялық тұрғыдан бізге жақын, бірақ шындықтан алыс-мәселені өздерінің ерекше дедуктивті қабілеттерімен немесе сиқырлы сараптамалық технологиялармен, одан қалса, көбінесе шатырдан секіру мен табельдік қарудан ату көмегімен шешетін Санкт-Петербургтік «оперлардың», прокурорлардың және адвокаттардың тәтті жұмыс күндері туралы телехикаяларынан пайымдайды. Автор бұл иллюзияларды жоққа шығаруға және өз оқырмандарына «заңды» теңізде жүзетін «көзге көрінбейтін қиындықтар мен рифтер» туралы ескертуге тырысады.