Скачать книгу

келеді. Ол мені дұрыс ойлауға, талдау жасауға, адамдар жөнінде ойлануға, дұрыс қадам жасауға және тығырықтан шығар жол табуға баулыды. Тағы ас әзірлеуді де үйретті. Маған оның үйіндегі кездесуіміз, әсіресе, тамақ әзірлеген кезіміз ұнайды. Біз түрлі тағам әзірлеуді жиі байқап көреміз. Бірде тұмшапеште үйрек дайындадық. Өте дәмді болып шықты. Ас әзірлеу зор танымдық дүние екен және даярлау барысында маңызды тақырыптарда сөйлесеміз. Тағы компьютерлік ойындарды бірге ойнағанымыз да есімде қалыпты. Бұл – көңілді.

      Мінсіз жан

       «Мінсіз адам қалпын сақтау өте қиын».

      Тәлімгер – Гүлайша, 34 жаста

      Қамқорлықтағы бала Анна, 17 жаста

      6 жылдан бері жобада

      Гүлайша

      «Айша апай, мен бұрын бай адамға тұрмысқа шықсам, жақсы пәтерде тұрсам, ештеңе жасамасам дейтінмін. Бірақ қазір ол ойымнан айныдым. Сіз сияқты жұмыс істеп, ақша тауып, пәтерді өзімнің адал еңбегіммен сатып алуды қалаймын». Дәл осы сәтте мен оған қатты ықпал ететінімді ұқтым.

      Жалпы, балалар үйінің балалары – өзгелерден еш өзгешелігі жоқ, сол кәдімгі балалар. Бірақ сіздікінен тамаша қоғамда тәрбиеленген ересек адамды кездестірсеңіз, онда қарым-қатынасты нөлден орнату қажет. Бізге қиын тиді, алайда бұл ортақ тіл табыса алмағандықтан емес, менің жеке өмірім мен жұмысымдағы қатар жүріп жатқан қиындықтардың әсерінен еді. Тепе-теңдікті сақтау және Анямен ресурстағы қарым-қатынасты ұстау өте қиын болды. Менің оған шамам да қалмаған еді. Сондықтан өзімді Аняға тек жақсы қырымнан ғана көрсетуге тырыстым.

      Уақыт өте келе кемшіліктен ада мінсіз адам болып қалу қиынға соқты. Кейін мен мұның бәрі жасанды екенін, жақын жандарымыздың жанында біз өзімізді бұлай ұстамайтынымызды ұқтым. Жақындарымыз бізді бар артық-кемімізбен қабылдайды емес пе, мен де бұл кедергіні жеңе алып, Аняға шынайы ашыла бастадым. Бүгінде Аня менің жақын әрі туыс адамыма айналды, біздің байланысымыз өмір бойы жалғасады деген үміттемін.

      Маған Аняның ішкі қуаты мен мықтылығы ұнайды. Қиын сәтте өзінің сол мінезіне сүйенеді де, дұрыс ой түйеді. Сондай-ақ оның ашық-жарқындығы мен көпшілдігі ұнайды. Маған тіпті мұндай қасиетке ие балаға менің ешқандай ықпалым болмайтын сияқты да көріне бастады. Тек бірде өзі менің оған үлгі екенімді айтқанға дейін солай болған еді.

      Аня балалары көп әрі тату отбасы жайлы армандайды. Мен оның барлық арманының орындалуын, қасында тек мейірімді, оны жақсы көретін жандардың болуын, бойындағы оптимизмін, оң көзқарасын жоғалтпауын тілеймін.

      Анна

      Бұрын мен өте ұялшақ едім, анам мен әпкемді өзіме жуытпайтынмын. Айша апаймен танысқан соң ұялшақтығымды жеңіп, әпкем екеуіміздің қарым-қатынасымыз реттелді. Оның да сіңлілері бар, олардың қарым-қатынасын көріп, менің де сол сияқты болғым келді. Әрі оқуға деген құлшынысым оянды.

      Бізді тәлімгерлермен алғаш таныстырғандағы кездесуіміз есімде қалды. Маған ол сол кезде қатты ұнаған. Тағы да біз оған куртканы қалай таңдағанымыз да әлі есімде, себебі, жарасатын-жараспайтынына,

Скачать книгу