ТОП просматриваемых книг сайта:
БАҚЫТТЫ БОЛУДЫ ҮЙРЕНІҢІЗ 3 БӨЛІМ Миды қозғайтын идеялар!. Нарша Булгакбаев
Читать онлайн.Название БАҚЫТТЫ БОЛУДЫ ҮЙРЕНІҢІЗ 3 БӨЛІМ Миды қозғайтын идеялар!
Год выпуска 2021
isbn
Автор произведения Нарша Булгакбаев
Жанр Философия
Издательство ЛитРес: Самиздат
Мен көп ақылдылардың кеңесін естимін: «Кедеймін деп айтпа», «Жұмыс жоқ деп айтпа», «Үкімет жаман деп айтпа» оданша Құдайдың бергенін пайдалан. Расымен, мен келісемін, ішіңіздегі алтындарыңызды пайдаланыңыз, оларды сосын пайдаланымын деп жинағаннан пайда жоқ. Ол алтындар не деген кезде? «Денсаулық», «Уақыт», «Мүмкіндік», «Қабілет», «Таңдау мен шешім қабылдау еркі», «Ақыл мен Жүрек» т.б. ұғымдар.
Мысалы: дені сау, аяқ-қолы балғадай, сезім мүшелері түгел, бірақ ақша оған үнемі жетпейді, себебі ол осындай хальге өзін кедей рөлінде жақсы көргендіктен емес, байлықтың барлығы мида екенін білмегендіктен түсіп отыр. Яғни себеп – надандықта.
Тағы бір мысал: Қараңғылықта жарықты көре білу керек, ол сенің сыртыңда жанып тұрған жоқ, ішіңде жанып тұр, ал адамдар жарықты сонда да сырттан көргісі келеді. Сол себепті барлық данышпандардың «шын бақыт адамның ішінде» деп айтатыны да сондықтан.
Біздің бейсананы күнделікті өмірде, біз үшін пайдалы қызметке қоюға болады. Ол сіз үшін жұмыс істеуден, еңбек етуден, шаруа атқарудан, іс тындырудан шаршамайды, егер де сіз оны дұрыс жолға бағыттай алсаңыз. Оны біздің адал пайдамыз үшін өнімді (нәтижелі) әрекетсіз әрекет жасатуға болады. Сіз өзіңіздің ақылыңызбен тәжірибелі хатшының жұмысын орындау арқылы әлдеқайда тиімді әрекет ете аласыз, шығын емес тек пайда әкелетін ақпараттарды есте сақтау арқылы. Компьютердегідей, сіздің ақылыңыз қабылдаған әрбір факт (ақпарат) пен әсер (эмоция) әрқашан ойлаудың беткі деңгейінен өтіп (ақыл) түпкі деңгейінде, бейсанада сақталады. Бұл керемет күшті қалай қолдануға, пайдалануға және дамытуға болады? Жасырын бейсана патшалығын қалай иеленуге болады? Бұл әрине, асығыс жасалмайды. Бейсананың жасырын күштері баяу және жүйелі концентрация (керегін қалдырып, артығын алып тастау) процесінде дамып, біздің ерік-жігеріміз, ақылымыз бен қиялымызға бағытталуы керек.
Сіз бейсанадан не қалайтыныңызды шешіп, оған әр уақытта бір-бір тапсырмадан беріңіз, себебі ол робот емес, бір уақытта көп ақпаратты өңдеу алатын. Егер сіз нақты проблеманы шешкіңіз келсе, әр күні таңертең және кешке шамамен бес минут уақытыңызды бөліп, шешім сіздің бейсана деңгейіңізде қалыптасып жатыр деп ойлаңыз, елестетіңіз, сендіріңіз. Содан кейін кенеттен шешім дайын болады. Бұны басқаша, іштен пайда болатын сигнал деуге болады. Бұл кездейсоқ емес. Ол жоқтан пайда болмайды. Сіз тапсырма бердіңіз – ауызша немесе жазбаша, ол шешімдерді ұсынды. Бұл дұрыс шешімдер болуы үшін, сіз дұрыс таңдау жасауыңыз керек, ал ол үшін бейсана – өзінің қайнар көзі «Әмбебап Ақылдың» (Жаратушының) даналығына ашық болуы керек. Егер сіз сау болғыңыз келсе, денсаулығыңыз туралы ойларыңызға назар аударыңыз, ауру және әлсіздік туралы ойларға кедергі жасамаңыз. Егер сіз сәтті адам болғыңыз келсе, онда сіз өзіңізді сәтсіздікке ұшыратпаңыз. Егер сіз бақытты болғыңыз келсе, онда сіз мазасыздықтар мен көңілсіздіктер туралы ойлауға жол бермеңіз. Сіздің ақылыңызды үнемі иеленетін ақпарат – ойға (ішкі сөз + қиялдағы бейне) айналады, сосын әрі қарай сіздің бейсанаңызға еніп, біртіндеп сіздің тәжірибеңізге айналады, сондықтан сіз позитивті, конструктивті, прагматизм (ол өзінің өмірін, әрбір әрекеті мен өзіне/өзгеге деген көзқарасын, іс жүзінде пайдалы нәтиже алу тұрғысынан құрады) туралы ойлануыңыз керек. Әрдайым есте сақтаңыз, сіздің бейсанаңыз өзінің қайнар көзі – «Әмбебап (жалпыға ортақ ақиқат) Ақылдың» даналығына ашық болуы керек. Осы даналыққа сеніңіз, сонда сіз аз қателіктер жіберіп, сау және бақытты боласыз. Сіз жемісті өмір сүретін боласыз.
«Біз сенуіміз керектің ең жақсысы – ол ақиқат.» (Уильям Джеймс – қазіргі заманауи психологияның атасы).
Сіз неге шын бақытты емессіз?
Бала күніңізде, жас кезіңізде үлкен армандарыңыз, жоспарларыңыз болды ма, кітаптар жазу немесе картиналар салу, өз кәсібіңізді бастау немесе басқа шығармашылықпен, өнермен, ғылым-біліммен айналысу. Біздің көпшілігімізде болған шығар. Ал егер, біз өз-өзімізге адал болсақ, көпшілігіміз сол арман-мақсаттарды әлі күнге дейін іске асыра алмай қиялдап жүрміз. Бірақ өз құрбандығымызды басқа жұмыстарым, шаруаларым бар деу арқылы ақтап аламыз.