Скачать книгу

одан кейінгі кезеңдерде де тоқтатқан жоқ. Оның Ұлытау, Жезқазған, Алматы, Талдықорған, Қызылорда және басқа өңірлерден тірнектеп жинаған диалектологиялық материалдары Ұлттық ғылым академиясы Тіл білімі институтының картотекалық қорында күні бүгінге дейін сақтаулы.

      Осындай тынымсыз еңбектің арқасында 60-қа тарта ғылыми дүниелерін жазды. Соншама мол жұмыстың басым бөлігі қазақ диалектологиясының саналуан мәселелерін қамтыды. Атап айтсақ, диалектологиялық сөздік жасау, қазақ тілі говорларының жіктелуі, ауыспалы говор, диалектология саласындағы тарихи-салыстырмалы ізденістері және басқалары. Әсіресе, ғалымның қазақ тілі грамматикасының лексика саласы бойынша жарық көрген «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері» (Ғ. Мұсабаевпен бірге жазған, Алматы, 1951) атты еңбектері ғылымға қосқан сүбелі үлесі. Көрнекті ғалым туралы А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Оқас Нақысбеков өзінің ой-пікірін: «Жергілікті тіл ерекшеліктерімен бірге қазақ тіліндегі кәсіби сөздер мәселесі де оның назарынан тыс қалып көрген жоқ. Осы сала бойынша алғаш рет мақала жазған да – Жұмат Досқараев. «Қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясының мәселелері» атты 1-жинақта жарық көрген оның «Арал, Каспий балықшыларының тіліндегі профессионалдық лексиканың материалдары» атты 80 беттік көлемді еңбегі – кәсіби сөзге қатысты түрлі құрал-жабдықтардың аттары суретпен берілген, өте бір терең жазылған күрделі дүние. Мұнда берілген материалдар сол өңірді мекендеген халықтың өмірімен тығыз байланыста жазылып, бай материалдарға негізделген. Мақала авторы осы экспедиция кезінде суға кетіп қала жаздап, аман қалғаны, көп қиындықтарды басынан өткізгені әлі есімде» деп жазады өзінің «Қазақ диалектология ғылымының негізін қалаушылардың бірі» деген мақаласында.

      Айтулы ғалымның қазақ тіліндегі диалектологиялық сөздігі – түрік тілдері ішіндегі алғашқы сөздіктердің бірі. Оған 2000 сөз енген. Ол сөздікте тек жеке сөздерді ғана емес, сөз тіркестерін де береді. Кей жерлерінде сөздердің синонимін берсе, екіншісінде сипаттау әдісін пайдаланады, үшіншісінде сілтеме жасау арқылы түсіндіреді. Сөздікте өсімдік аттары, көркем әдебиеттен үзінділер, диалектологиялық экспедиция материалдары өз орнын тапқан. Оның «Краткий очерк о южном диалекте казахского языка», «О некоторых особенностях местных говоров южных и западных областей Казахстана», «О народной песне «Қаратаудың басынан көш келеді» және тағы да басқа мақалаларында зерттеуші еліміздің оңтүстік шығысын мекендейтін қазақтардың тілі жөнінде кеңінен сөз ете келіп, нақты тарихи деректерге сүйеніп, оңтүстік өңірдегі тұрғындар тілінің өзгешелігі көрші өзбек, қырғыз, ұйғыр тілдерінің әсерінен екенін, өзара қарым- қатынасының ықпалынан болғанын тұжырымдайды.

      Сөз жоқ, Ж. Досқараұлының теориялық пайымдаулары мен қорытындылары басқа ғалымдардың зерттеулеріне негіз қалады. Нақты фактіге жүгінетін болсақ, қазақ тілі

Скачать книгу