Скачать книгу

ойға батты. Есіне бала шағы оралды. Күз алдында Баянның сұлу табиғаты елестеді. Оның жұпар ауасын жұтқандай тынысы кеңіп сала берді. Есіне шулы Париж түсті. «Сапар, – деді ол күбірлеп, бізді сағынып жүрсің ғой, айналайын. Сен елің үшін қызмет істеп жүрсің. Елшінің кеңесшісі деген оңай шаруа емес».

      4. Талтүс

      Талғар шыңының ұшар басы тұтасқан қою бұлт. Сіресіп жылыстай қозғалып барады. Алатауға нөсерін төкпелеп келеді. Бұл маңайға жетер-жетпесі Ғаббасқа беймәлім. Терезе алдында ойға шомып, қимылсыз отыр. Сонау бір албыртта аңғырт кез оның езуіне күлкі ұялатады. Кейде әнтек күлімсірейді, кейде қабағын шытады. Жұмыстан шаршап келген соң жұпар жұтып отырып, өткенге оралу үшін рақат мезгіл.

      Сергіп қалады. Еңбекке деген құлшынысы артады.

      «Ғажап!» – деді, Ғаббас сыңғырлай күліп терезе түбінен өтіп бара жатқан қос өрім қызға сүйсініп, – біз осылардың жасында шындап күле алдық па екен? – жоқ, әлде, жастығымыз белгісіз өтіп кетті ме? Олай емес. Біз де шындап күлгенбіз. Албырт шақ қаз-қалпы көкейде сайрап тұр. Күйсініп тұрған домбыра секілді. Қос шегін шертіп жіберсең, күмбірлеп сөйлеп кетеді».

      Ол он бес-ақ жаста болатын. Шалғайдағы Баяннан оқу іздеп Алматыға келдім. Бес класс бітіріп оқуға түсемін деп астанаға тартқан. Ешкімді тыңдаған жоқ. Келді де, Алматының байланыс техникумына оқуға түсті. 1937 жылы бітіріп шықты. Көп қатарлы еңбекке араласты. Сосын араға жыл салып институт табалдырығынан аттады. Артынша әскерлік борышын атқаруға шақырылды.

      – Папа, – оның ойын кенжесінің үні бөліп кетті. Жалт қарағанша болған жоқ, аспан күркіреп, найзағай ойнады. Баласы «ой!» деп қалды. Жаңағы ғаламат үн оны да селт еткізген. Өне-бойы сең соққандай дірілдеп кетті. Күн күркірі 1941 жылдың 22 маусымындағы сарынға ұқсап еді… Ол көзін шарт жұма қойды. Сонау сұрапыл кез көз алдынан тізбектеліп өте бастады.

      …Ол шошып оянды. Асығыс киініп, сыртқа жүгірді. Айнала қып-қызыл өрт, астаң-кестең. Бомба борап тұр. Жоғары қарасаң, дәл төбеңе келіп жарылатындай. Ғаббас байланыс бөліміне жүгіріп жетті де, «6-КП» рациясына жармасты. Бірақ еш дыбыс сезілмеді. «Бұл не?» деп, айқай салды. Жүгіріп Шәйкен келді. Алаулаған жүзінде «Не істейміз, командир» дегендей сұраулы пішін бар.

      Ғаббас тез шешімге келді.

      – Сүлейменов, кеттік! Екеуі орманға қарай жылжыды. Қара орманға қозы көш жер қалғанда соңдарынан өріп келе жатқан жау танкілерін көрді. Соңында қаптаған автоматшылар. Бұларды байқамаған секілді. Олар сол араға бекініс жасап, танкілердің келуін күтті. Шәйкен «атайық, жолдас командир» деп тақ-тақ етеді. «Жақындай түссін». Ғаббас кіжіне сыбырлайды. Тақап келеді, тақап келеді. Көлденең жолға жетті. Екі ара тас лақтырым жер. Атып жіберді. Алдыңғы танк лап етті. Екінші рет атты. Тағы біреуі жана бастады. Үлгермей қалды. Үшінші танк қол созымға келіп қалды. Арындап келеді. Зеңбіректі оқтап үлгергенше, тастап кететін секілді. Шәйкен тажалға қарай еңбектеп барады. «Кейін қайт!» Ғаббас дауысын ол естіген жоқ. Ұмсынып келе жатқан танкіге

Скачать книгу