ТОП просматриваемых книг сайта:
Аймақтық экономиканы басқару. Қарлығаш Мұхтарова
Читать онлайн.Название Аймақтық экономиканы басқару
Год выпуска 2013
isbn 978-601-04-0079-5
Автор произведения Қарлығаш Мұхтарова
Жанр Зарубежная образовательная литература
Издательство КазНУ
Сонымен, аймақтық экономика кеңістіктік дамудың экономикалық аспкетілермен байланысты аймақтық ғылымның салаларының бірі болып табылады. Бірақ әлеуметтік-экономикалық үдерістердің күрделілігі мен өзара байланыстылығына орай, сонымен қатар экономикалық субъектілердің іс-әрекетін анықтайтын экономикалық емес факторлардың кеңістіктік дамуға айтарлықтай ықпал етуімен байланысты аймақтық экономиканың пәні болып табылатын мәселелердің ерекше кешенін зерттеу аймақтық ғылымға қарағанда оңайға түспейді.
Аймақтық ғылымның ерекше саласы бола отырып, аймақтық экономика – экономика ғылымының өндіріс салалары мен кәсіпорындарды ел аумағының жекелеген аймақтарына ұтымды орналастыруды, өнімді өткізу аймақтарын қалыптастыруды көздейтін бөлімі. Ол материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды, экономиканы басқару мен шаруашылықты дамытуды, салааралық мамандандырылған шаруашылық түрлерін өрістетуге жағдай жасауды, аймақтағы өндірістік салаларды жетілдіруді зерттейді.
Аймақтық экономика өндіргіш күштерді дамыту мен орналастырудың кең ауқымды мәселелерін қарастырады, ірі өндірістік кешендерді құруға жол ашады. Ол үшін аймақтың энергетикалық, минералды-шикізат, материалдық-техникалық базасы зерттеледі, өндіргіш күштердің дамуына табиғи ортаның, экологияның бұзылмауы негізге алынады.
1.2. Аймақтық экономиканың негізгі ұғымдары
Заманауи аймақтық зерттеулердің және бағыттардың көптүрлілігіне орай отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттерде аймақ ұғымының түрлі анықтамалары беріледі.
Аймақ деп көлеміне қарамастан мемлекет ішіндегі белгілі бір аумақ, мемлекет немесе мемлекеттердің орналасқан аумағы аталуы мүмкін. Экономикалық әдебиеттерде көбінесе аймақтың екі ұғымы орын алады: «аймақ» және «аудан». Көп жағдайларда бұл ұғымдарының айырмашылығы жоқ деген тұжырым келтіріледі. Көптеген авторлар аймақ ұғымы астарында географиялық жағдайларымен және табиғи-ресурстық мамандануымен ерекшеленетін мемлекеттің халық шаруашылығы кешенінің белгілі бір бөлігін түсіндіреді. Бұл аудандар өндірістік-техникалық, экономикалық қарым-қатынастарда салыстырмалы тұрғыда тұйықталған болып табылады. Басқа авторлар тобы аймақ ұғымымен мемлекеттің әкімшілік бөліну бірліктерін (өлке, облыс, қала) айқындайды.
Шетелдік аймақтанушы ғалымдар «аймақ» ұғымын өздерінің көзқарастарымен түсіндіреді. «Аймақ» және «аудан» ұғымдарын айқындаудағы түрлі көзқарастарды қарастыра отырып, америкалық профессорлар П. Джеймс және Дж. Мартин өздерінің күрделі зерттеулерінде «аймақ» ұғымына бірқатар біртектілігімен ерекшеленетін, бірақ нақты шекарасы болмайтын аумақтың біртұтас телімі деген анықтама береді. Сондай-ақ бұл ұғым құрлықтың басты бөліктерін құрайтын үлкен аумақтарын белгілеу үшін де жиі қолданылады. Бірақ мұнда қолданылатын географтардың кәсіби тіліндегі «аймақ» немесе «аудан» сөзі белгілі бір біртектілігімен