ТОП просматриваемых книг сайта:
Банктік тəуекелдер жəне оны басқару. Нұргүл Керімбекова
Читать онлайн.Название Банктік тəуекелдер жəне оны басқару
Год выпуска 2013
isbn 978-601-04-0018-4
Автор произведения Нұргүл Керімбекова
Жанр Банковское дело
Издательство КазНУ
Тәуекел деңгейіне байланысты банктік тәуекелдер төмен, орташа, жогары болып бөлінеді. Бұл тәуекелдердің деңгейлері коэффициенттер немесе пайыз түрінде көрсетіледі.
Банктік тәуекелді есептеу әдісі бойынша кешенді және жеке болып бөлінеді. Кешенді дегеніміз жалпы банктің тәуекелін есептегенде, тәуекел көлемін болжағанда, өтімділік туралы экономикалық заңдылықтарды ұстағанда қажет. Жеке дегеніміз жеке банктік тәуекелдерді шкалалар, коэффициенттер түрінде есептегенде ескеріледі.
Банктің типіне қарай: банк тәуекелдері мамандандырылған, салалық және әмбебап банк тәуекелдері түрінде болады.
Банк клиенттерінің құрамына қарай: кіші, орта, және үлкен деп үшке бөлінеді.
Банктік тәуекелдерді басқару мүмкіндігіне қарай: ашық және жабық болып жіктеледі. Ашық тәуекел деп пайда болған тәуекел бетінің қайтарылмайтын түрін айтамыз, ал жабық тәуекелде пайда болған тәуекелдің бетін диверсификация арқылы азайтуға болады.
Банктік тәуекелдердің әртүрлі бағыттар мен салаларға, критерийлерге байланысты жіктелуі банк саласында тәуекелдің пайда болу тұстары көп екендігін көрсетеді. Жалпы банктік сферада 130дай банктік тәуекел түрі кездеседі, жоғарыда аталып көрсетілген тәуекел түрлері солардың негізгілері десек болады. Банктік тәуекелдердің түрлерін білмейінше, оны банк тәжірибесінде басқара да алмаймыз.
1.2. Банктік тәуекелді басқару және бағалау әдістері
Тәуекелдерді басқару әрбір банктің басты міндеті мен бағыты, себебі банк тәуекелдерін басқару мен бағалауды дұрыс жүргізбеу банктің нарықтағы жағдайын нашарлатып, жабылуына алып келуі мүмкін. Банктік тәуекелдерді басқарудың басты мақсаты – банктің активтері мен пассивтерін дұрыс басқара отырып, банк өтімділігі мен пайдасын оң көрсеткіште ұстап тұру, күтілмеген жоғалтуларды барынша төмендету. Сондықтан да әрбір банк өзінің тәуекелдерді басқару стратегиясын жасауы керек, ал стратегия өз кезегінде қазіргі талаптарға сай және банктің дамуымен қатар тәуекел деңгейін қалыпты ұстап тұруда оңай басқарылуы қажет. Банктің тәуекелдерін сапалы басқару ұзақ мерзімді нәтижелі дамуына жол ашады. Банктік тәуекелдерді басқарудағы түрлі іс-әрекеттер, шаралар, шешімдер тәуекелді басқару саясаты деп аталады.
Тәуекелдерді басқару процесінде келесі ережелерді қатаң ұстанған дұрыс:
– меншік капиталынан жоғары көлемде тәуекелге баруға болмайды;
– тәуекелдің ақыры неге апаратынын әрдайым ескерген жөн;
– аз пайда үшін көп шығынға ұшырайтын әрекетті білген дұрыс;
– тәуекелмен байланысты шешімді дұрыс қабылдау үшін қабылданып жатқан шешімге күмәнді болмау керек;
– әр