Скачать книгу

қарама-қарсы жолдармен жүретін ақылдарды қамшылау»11. Осылайша, Смиттің құн теориясы екіжақты сипатта (еңбек концепциясы, үшфакторлық) көрінеді. Бір ғалымдар мұны кемшілік ретінде, еңбектің ішкі сәйкессіздігі ретінде қарастырса, енді біреулері керісінше, екі тәсілдің болуын нақты экономикалық тәжірибеге анағұрлым толық сәйкес келетін артықшылық ретінде қарастырады.

      Смит тауардың табиғи және нарықтық бағаларын бөліп көрсетеді. Табиғи баға айырбас құнымен салыстырылады және ол жалақы, табыс, рентаның табиғи (қалыпты, орташа) деңгейін қамтамасыз етуі керек. Ол тек тауарды нарыққа шығаруға кететін шығындарды аздап қана жабады. Табиғи бағаға тауардың нарықтағы сұранысы мен ұсынысы арқылы анықталатын нарықтық баға қарсы қойылады. Олардың арасындағы байланыс бәсекелестік жағдайында орташа нарықтық бағаның табиғи бағаға ұмтылуы арқылы анықталады. Егер белгілі бір уақытта ұсыныс сұраныстан көп болса, нарықтық баға табиғи бағадан төмен болады, сол себептен жалақы, табыс және рента өздерінің табиғи нормаларынан төмен болады. Сол кезде жұмысшының, капиталистің және жер иесінің эгоистік мүдделері оларды өндірістен қандай да бір болсын өз ресурсының бөлігін алуға мәжбүрлейді. Нәтижесінде ұсыныс қысқарып, нарықтық баға табиғи деңгейіне жетеді, ал табыс өзінің табиғи нормасына дейін көтеріледі. Егер өндірістің қандай да бір саласында сұраныс ұсыныстан көп болса, онда сол саладағы жоғары нарықтық бағалар табыстың көлемін ұлғайтып, қосымша ресурстарды (капиталдың, еңбектің немес жердің) еліктіреді. Ұсыныс өсіп, баға табиғи деңгейге дейін төмендейді, ол өзімен бірге табысты, жалақыны, рентаны табиғи деңгейге дейін төмендетеді.

      Осының нәтижесінде табиғи баға орын алып, өндірістегі тауарлар өзіне деген сұранысқа бейімделеді. Және де бұл үрдіс өзінен-өзі, орталықтанған басшысыз, әрбір индивидтің көбірек табыс алуына негізделе отырып жүзеге асатындығын ескеру керек. Бұл үдерістің нәтижесінде әрбір адам «қоғамның жылдық пайдасын көбейтуге барынша әрекет етеді, көрінбейтін қол арқылы ол өзі тіпті ойламаған көптеген әртүрлі әрекеттер жасайды. Өзінің жеке пайдасына жету үшін ол көбінесе жалпыға ортақ пайдалы әрекеттерді көбірек жасайды».

      Бірегей жоспарға және орталыққа бағынбаған нарықтық экономика дегенмен де белгілі бір қатаң ережелерге сәйкес жұмыс жасайды. Бұл әйгілі «көрінбейтін қол» қағидасы. Смит ең басты кезекке жеке мүдделерді, адамдардың өздерінің жағдайын жақсартуға ұмтылыстарын, ақшаны иемденуге және табыстарын жоғарылатуға тырысушылығын қоюды ұсынды.

      Смит қоғамда үш негізгі тапты бөліп көрсетеді, олардың әрқайсысы өндірістің белгілі бір факторын иемденіп, соған сәйкес табыс табады. Жер иеленушілері рентаны, капиталистер табысты, ал жалдамалы жұмысшылар жалақы алады. Бұл табыстарды Смит бастапқы деп атайды, олардың бәрі қосылып ұлттық табысты құрайды, ал қалған табыстың барлығы екінші деңгейлі (олар бастапқы табысты қандай да болсын жолмен қайта бөлу болып табылады).

      Жалақы

Скачать книгу


<p>11</p>

Жид Ш., Рист Ш. История экономических учений – М., 1995. – С. 69.