Скачать книгу

Тағам өнімдеріне тағамдық қоспаларды қосу олардың физиологиялық құндылығын, сақталуын, құнарлығын және сапасын арттырады. Тағамдық қоспалар – тағам өнімдеріне белгілі бір қасиеттер беретін, олардың құрамының және сыртқы түрінің ұзақ сақталуына мүмкіндік беретін аз мөлшерде тағам өнімдеріне енгізілетін химиялық заттар (әртүрлі бояғыштар, консерванттар, тұрақтандырғыштар, эмульгаторлар, дәмін және иісін күшейткіштер және т.б.) және табиғи қосылыстар (дәрумендер мен минералды тұздар).

      Химиялық әдістерді тағам технологиясына енгізу ауылшаруашылығы шикізаттарын толығымен пайдалануға, өнім шығымын арттыруға, ал соның нәтижесінде оның өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Химия өнеркәсібінде полимерлі материалдарды (иониттерді, силикондарды, пластмассаларды, полимерлі қабықшаларды және т.б.) қолдану технологиялық үрдістер мен құралдарды жетілдіруге, жаңа қаптау түрлерін пайдалану нәтижесінде тағам өнімдерін сақтауға мүмкіндік береді. Әртүрлі химиялық үрдістер тағам технологиясының (ашыту, химиялық борпылдату, қант қызылшасының жоңқаларынан қантты шаймалау, шырынды түссіздендіру, майларды гидрогенизациялау) маңызы мен мазмұнын құрайды.

      Тұрмыс сфераларын химияландыру: адам қызметі мен өмірінің барлығы да, олардың денсаулығы, тамаөтануы, киімі, тұрмысы химиялық өнімдермен тығыз байланыста. Бұлар сабын мен синтетикалық жуғыш заттар, залалсыздандыру құралдары, тазалағыш заттар, гигиена құралдары, лактар, бояулар, желімдер. Қазіргі таңда адамзат қауымы химия өнеркәсібінің кем дегенде 1 млн.ға жуық өнімін қолданады. Алайда, тұрмыстық химияның өнімдерін қолданғанда, міндетті түрде тек өз жағдайы мен қауіпсіздігін ғана ойлап қоймай, қоршаған орта жағдайын да ұмытпау қажет. Статистикалық мәліметтер бойынша қазіргі таңда тұрмыстық химия өнімдерінің өндірісі 6-8 жыл ішінде екі есеге артқанын көрсетеді. Ал қазірдің өзінде әлемдік деңгейде тұрмыстық химия өнімдерінің қоршаған ортаны ластауы атмосфераға тасталған барлық ластағыштардың шамамен бестен бір бөлігін құрайды. Химиктер және технологтар адамзат қауымына, жануарлар әлеміне және өсімдіктерге қауіпсіз болатын, ал оның қаптамалары қайта пайдалануға мүмкіндігі бар және қайта өңдеуге болатын, жерде немесе ауада тез ыдырауға ұшырайтын және бұл кезде улы заттар бөліп шығармайтын тиімділігі жоғары жаңа препараттар жасауы қажет. Табиғатқа, көшеге немесе орманда тасталған әрбір пластмассалық ыдыстар немесе аэрозольді баллондар табиғатты көптеген жылдарға дейін ластайтынын, ал қол жуғышқа төгілген тұрмыстық химия препатараттары орны толмайтын зиян келтіретінін есте сақтаған абзал. Тұрмыстық химия құралдарын тиімді әрі үнемдей қолдану, ешнәрсені ешқайда тастамау – бұл сіздің қоршаған ортаны қорғау ісіне қосқан өз үлесіңіз деп біліңіз.

      Тиімді тамақтануды ұйымдастыру үшін тағамның химиялық аспектісі туралы білімнің болуының маңызы өте зор. Адамға қажетті барлық энергия да тағамнан, оның құрамындағы

Скачать книгу