Скачать книгу

әскери күшін Істеми билік етеді. 555 жылы түркіттер (тюркюты) өз биліктерін Батыстағы теңізге дейін таратады да, сол жерде эфталиттермен қақтығысады. Эфталиттер – шамамен 558 ж. Орта Азияның билеушілері.

      Түркіттер эфталиттерді өздеріне бағындырып, Еділ аңғарларына жетеді.

      Егер аварлардың шығу тегіне байланысты мысалы: Азиядан савирлерді шамамен жүз жыл ішінде қудалаушылыққа ұшыратқандар жайындағы сұрақ әлі болса да, тарихта жанжал туғызса, ал Еуропада VІ ғасырдың 50- жылдарында белгілі бола бастаған аварлар жайында анық мәліметтер бар. Түрік қағанаты Істеми 598 ж. император Маврикийге жазған хаты Феофилакт Симокаттаның дерегінде мәлімденеді. Істеми (Стемвис) қаған дерек бойынша: «Сильно возгордившись этой победой и сделав Стемвискагана свойм союзником, он поработил племя аваров. Пусть никто не думает, что я рассказываю, будучи мало осведомлен, и не считает, что речь идет о тех аварах которые, как варвары жили в Европе и в Паннонии (они прибыли в эти места много раньше времен императора Маврикия). Живущие по Истру варвары ложно присвоили себе наименование аваров… Совершил каган и другое предприятие и подчинил себе людей племен огор. Это одно из самых сильных племен в силу своей многочисленности и благодаря военным упражнениям в полном вооружении. Они живут на востоке, там, где течет река Тиль, которую обыкновенно называют Черной. Древнейшими вождями этого племени были уар и хуни. Поэтому, некоторые из этих племен получили название уар и хуни» (бұл жерден білетініміз, Абдел тайпасын күйреткеннен кейін (мен эфталиттер деп аталатындарды айтып отырмын), бұл қаған оларды жеңіп, олардың биліктерін өзіне қосып алады. Бұл жеңістен қатты өркөкіректеніп және Стемби қағанды (Істеми) өзінің одақтасы жасап, авар тайпасын жеңеді. Ф. Симокатта сөзін жалғастыра келіп, төмендегі варварлар сияқты өмір сүргендерді айтып отырған жоқпын (олар бұл жерлерге император Маврикийдің уақытынан бұрынырақ келгендер) дейді. Истр өзенін мекендеген варварлар жолдан авар деген атауды қойып алады). Олардың шыққан жерін де әзірше айтпаймын дейді Ф. Симокатта. Дәл қазір мәселе аварлар жайында (а-ба) болып отыр, олар V ғасырдың 60- жылдары Савир тайпаларын Батыс Сібірден Еуропаға Еділден әрі қарай қуған және 556 жылы түркілерге тәуелді болған тайпа аварлар жайында деп әңгімесін жалғастырады.

      Қаған басқа тайпаларды, соның ішінде огор тайпасының адамдарын өзіне бағындырды. Огорлар ең мықты күші көп тайпалар, олар әскери жағынан толық қаруланғандар. Олар Шығыста Тиль өзені ағатын жерде тұрады, бұл өзенді түркілер жай «қара» деп атаған. Бұл тайпаның ежелгі көсемдерінің бірі – уар және хун. Сондықтан бұл тайпаның кейбіреулері уар және хунни деп аталып кеткен.

      Византияда Юстиниан патша тағына отырған кезде уар және хунни тайпасының кейбір бөлігі қашып Еуропаға келіп қоныстанған. Олар өздерін авар деп атап, көсемдерін құрметтеп қаған деген атақ берген. Бұл жерде не себепті олар өз аттарын өзгертті деген сұрақ туады. Сұраққа жауап былай болады: Барселт, унугур,

Скачать книгу