ТОП просматриваемых книг сайта:
Практикалық археология. Ғани Омаров
Читать онлайн.Название Практикалық археология
Год выпуска 2015
isbn 978-601-247-529-6
Автор произведения Ғани Омаров
Жанр История
Издательство КазНУ
Екінші тапсырыс берушіге, жобалаушыға, құрылысшыларға ыңғайсыз болатын жұмыс газ және су құбырын қайта қазу болып табылады. Су каналдарын, газ құбырларын жөндеу мен қосымша аумақтар қосу, траншеялар қазу археологиялық бақылауды қажет ететінін су және газ шаруашылығы мамандарына түсіндіру қиын. Олар бұған дейін де бұл жерлерде жөндеу жұмыстарын жүргізгенін алдыға тартып келісімшарт жасаудан қашқақтайды. Мұндай жұмыстарға тез бітіп кетуін көздеп келісім жасауға жергілікті билік орындары да тосқауыл қоюға барынша тырысады. Әрине, қалада интенсивті шаруашылық-коммуналдық жұмыстарын жүргізу қажет. Алайда үнемі жүргізілетін жер жұмыстары зерттеушіге жаңа мәдени қабаттардың ашылуы, ғылыми ақпараттардың қордаланына мүмкіндік береді. Сондықтан да археолог мұндай мәселеде ұстаған бағытынан танбай, бірбеттілік көрсетіп, келісімшарт жасау арқылы өз ұстанымы үрдісінен шығуы керек.
Археологиялық жұмыстарды жоба жасаумен байланыстыру. Тапсырыс берушіден жерді өңдеу және құрылыс жұмыстары туралы қажетті құжаттарды алғаннан кейін, берілген объектідегі археологиялық зерттеуді қорғау туралы келісім жасалады.
Ереже бойынша, бірінші кезектегі келісімшарт қатынасы құралдарға басшылық жасайтын және лимиттеумен айналысатын, жобалы-сметаның құжаттауын орындайтын жобалаушы ұйым, яғни тапсырыс беруші ұйыммен жүргізіледі. Тапсырыс берушінің өзінің өндірістік күші болмағандықтан, объектіні салатын құрылыс ұйымымен де келісімшарт жасасады. Күзету қызметін атқарушы ғылыми немесе басқа да ұйымдар дәл осылай тапсырыс берушімен келісім шарт жасайды.
Келісімшарт дайындау барысында, археолог құжаттар қатарын білуі қажет. Істе жүрген құжаттар нормативіне сәйкес, жобалау жұмыстары әрқайсысында өзіне сай анықталған тапсырмалары бар кезеңдер қатарынан тұрады. Жобалау жұмысының құрылымы объектінің спецификасына байланысты әртүрлі болып келеді. Көбірек таралғаны келесі нұсқалары:
– техникалы-экономикалық негіз (ТЭН) және бір стадиалы (істегі жоба) жобалау көбінесе қатардағы жобалау ретінде болады;
– ТЭН және екі сатылы (жоба және істегі құжаттар) жобалау ірі объектілері болады;
– бір реттік жобалау – үлкен емес объектіге жобалы-сметалы құжат дайындау негізінде жүзеге асады.
Қандай жағдайда да осы кезеңдердің жобалануына жұмыстың басы негізінде техникалық (немесе архитекторлы-жоспарлау) тапсырма беріледі. Осындай тапсырма құрамында мыналар болу қажет: объектінің атауы, келісімнің нөмері, жобалаудың стадиясы, орналасуы және шекарасының көлемі туралы мәлімет, жер телімі, тас жолдар немесе олардың бәсекеге қабілетті нұсқалары, құрамына ену шарттары, уақыты мен есеп беру материалдарын