ТОП просматриваемых книг сайта:
Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945). Амангелді Әліпбаев
Читать онлайн.Название Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945)
Год выпуска 2015
isbn 9965-30-475-0
Автор произведения Амангелді Әліпбаев
Жанр Зарубежная образовательная литература
Издательство КазНУ
Жыл сайын кәсіпорындардағы жұмысшылардың құқықтық жағдайы қиындай берді. Гестапо, қорғау бөлімшелері, зауыт полицейлері жұмысшылардың әр қадамын бақылап, фашизмге қарсыларды, кәсіпорындардағы тәртіпті сынағандарды аяусыз жазалап отырды. Жұмысшылардың жағдайы қандай болса, қолөнершілердің де, ұсақ буржуазияның да жағдайы солай болды. 1936–1937 жылдары қолөнер кәсіпорындары 90 мыңға қысқартылған. Гитлер ауыл шаруашылығында «мұрагерлік қожалықтар туралы» заң қабылдады. «Мұрагерлік жер» жанұяда әкеден үлкен ұлына қалып отырды, ол жерлерге салық төленбеді. Шаруалар тек фашистік мемлекет бекіткен өнім түрін еге алды, өз беттерінше малдарын соя алмады. Елге карточкалық жүйе енгізілді. Бұл шаруалардың онсыз да қиын жағдайын тереңдетті. Билік бекіткен тәртіпке қарсы шыққан шаруалар аяусыз жазаланды.
Осы кезеңдегі Германияның сыртқы саясаты басқыншылық саясатқа негізделді. 1933 жылы «Гитлерлік жастар» ұйымы құрылып, оны нацист Больфур фон Ширах басқарды. Оған фашистік тәртіпке сай жастарды тәрбиелеу шарты қойылған болатын. 1939 жылы он жастан асқан жастар саны 7,2 млн адамды қамтыды. Гитлердің мақсаты революциялық күштерді талқандау болды. 1933–1938 жылдар аралығында 150 мың коммунист тұтқындалып, көбі дарға асылған болатын. Өйткені фашистік билікке қарсы коммунистер, қатардағы социал-демократтар газеттер мен үндеухаттар таратты, көрнекті жерлерге плакаттар мен ұрандарды