Скачать книгу

бұл шартты қабылдамады, Либкнехт үкіметке кіруден бас тартты. Социал-демократтардың үкіметті жеке біршама буржуазиялық-демократиялық іс-әрекеттер жасаумен шектеліп, негізгі жер иеленушілер мен ірі буржуазияның үстемдігін жоймады. Ескі мемлекет аппараттары сақталды. Көптеген бұрынғы шенеуніктер мен әскери басшылық өз орындарында қала берді.

      Халықаралық аренада Ф.Эберт үкіметі Германияның соғыста жеңілу фактісін мойындауға мәжбүр болды. 11 қарашада герман өкілдері Компьенде Антанта мемлекеттерімен уақытша бітімге қол қойды. Германия толық жеңіліске ұшырады.

      Революцияның алғашқы күндерінде Берлин, Жоғарғы Силезия, Рейн-Вестфаль аумақтарындағы кәсіпорындарда ереуілдер бұрқ ете қалды. Саяси жағдайдың шиеленісе түсуіне байланысты 1918 жылғы 15 қарашада кәсіпкерлермен жасалған келісімге байланысты кәсіподақтар заңды күшіне ие болды, фабрика-зауыт комитеттері құрылды, 8 сағаттық жұмыс күні енгізілді. Осы уақытта «социализациялау» комиссиясы пайда болды. Комиссия мүшесі Вильбрант айтқандай, бұл бірнеше жеңілдіктер жасап «тағы топты тыныштандыру» еді.

      Герман буржуазиясы мен юнкерлігі оңшыл социал-демократтардың бұрынғы тәртіпті сақтауға бағытталғандығын жақтады.1918 жылдың аяғында буржуазиялық партияның қайта құрылу үрдісі басталды. Нәтижесінде неміс алпауыттары мен жер иеленушілерінің мүддесін қорғаған неміс ұлттық халық партиясы, сонымен қатар Германия демократтық партиясы, неміс халық партиясы, христиан-демократиялық халық партиясы пайда болды. Олардың барлығы да Кеңестердің ыдырауын қалады.

      Веймарлық республика. Веймарлық республика тарихын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады.

      Бірінші кезең республиканың шығу сәтінен бастап 1923 жылдың аяғына дейін созылды. 1918 жылдың 16-20 желтоқсан аралығында өткен жұмысшылар мен солдаттар кеңесінің мәслихаты Ұлттық жиналысқа сайлау өткізіп, елде республикандық билік ету түрін енгізуді қабылдады. Содан кейінгі кең етек алған солшыл радикалды ұйымдардың, кейін Германия коммунистік партиясының (ГКП) ереуілдер жасауға және елдің кейбір аудандарында (оның ішінде Бременде, Брауншвейгеде және Баварияда) кеңестер билігін жариялауға талпынуы рейхсвер мен ерікті бөлімшелердің көмегімен қатаң басылып жанышталды.

      1919 жылдың 19 қаңтарында Ұлттық жиналысқа сайлау өткізіліп, басым дауысқа Германияның социал-демократиялық партиясы ие болды. Сайлау барысында 30 млн дауыс ішінен 11,5 млн дауыс оң социал-демократтарға, тәуелсіз социал-демократтарға – 2 млн, демократиялық партияға – 5,6 млн, орталық партиясына – 6 млн, неміс халық партиясына – 1,3 млн аса дауыс берілген.

      1919 жылдың 11 ақпанында Ұлттық жиналыс ГСДП төрағасы Фридрих Эбертті жаңа республиканың бірінші президенті етіп тағайындады. 13 ақпанда Филипп Шейдеманн басқарған жаңа үкімет құрылды. Веймарлық республиканың құрамына 15 өңір және 3 «еркін қала» кірді.

      Баварияда Гофман басқарған жаңа үкімет құрылып, оның құрамына

Скачать книгу