Скачать книгу
беріңдер» деген. Хадистердің бірінде Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын) былай дегені айтылады: «Адам денесіндегі əрбір буын, күн сайын садақа беруі керек. Екі адамның арасындағы
дауды əділ шешу – садақа. Адамды мінген
жануарға отырғызуға көмектесу немесе оған
жүк арту – садақа. Намаз оқу үшін мешітке барар жолдағы
əрбір қадам – садақа. Жолдан өтіп бара жатқандарға
қолайсыздық тудыратын нəрсені алып тастау да садақа болып табылады» (Бұхари, Сулх, 11; Муслим, Зекет, 56). Өздеріңіз білетіндей, адам өміріндегі ең маңызды нəрсе денсаулық. Буындарымыз бен сүйектеріміз, яғни қаңқамыз бір мезгілде өміріміздің жəне денсаулығымыздың негізі болып табылады. Сондықтан əр буынға күнде садақа беруіміз заңдылық. Өйткені, шын мəнінде, əрбір жаңа күн жаңа өмірдің басталуын білдіреді. Осы жəне басқа да осыған ұқсас хадистерге сүйене отырып, денеміздегі əрбір буын үшін садақа бар деп айта аламыз. Əрбір адам ағзасында 360 буын бар. Сондықтан олардың əрқайсысына күнде садақа беру керек. Бір қарағанда, бұл өте үлкен жəне ауыр парыз болып көрінуі мүмкін. Алайда осы жəне осыған ұқсас хадистерде келтірілген түсіндірмелер оның мүлде қиын еместігін көрсетеді. Мысалы, əрбір
тəсбих («Субханналлаһ» сөздері),
тахмид («Əлхамдулиллаһ» сөздері) немесе
тахлил («Лə илəһə иллаллаһ» сөздері) айтылғаны садақа болып табылады. Садақа – сондай-ақ мақұлданған істерді орындауға
ынталандыру жəне
айыпты нəрселерден
тыю (Муслим, Зекет, 54). Садақа тек
зікір сөздерін айтудан тұрмайды. Адамдарды жақсылық пен ізгіліккке нұсқау, оларды барлық жаман жəне жағымсыз нəрселерден ескерту де садақа болып табылады. Көріп отырғанымыздай, садақа таратудың, яғни Алла Тағалаға шүкіршілік етудің көптеген жолдары бар. Міне, біз осы жолдардың кейбірін ғана атап өттік. Жоғарыдағы хадисте, сондай-ақ оған ұқсас хадистерден көріп отырғанымыздай, «садака» термині өте кең мағынаға ие жəне Аллаһ Тағаланың разылығына жетуге себеп болатын кез келген
игі істер мен
жақсы сөздерді қамтиды. Мəселен, басқа бір хадисте мына амалдар да садақа қатарына кіреді: отбасыңды күнкөріспен қамтамасыз ету; қонақтарды қабылдау; əйелімен жұптасу; жемісін басқа адамдар, сондай-ақ жануарлар пайдалана алатын жеміс ағаштарын отырғызу; мұсылман бауырына сəлем беру; басқалармен қарым-қатынаста мейірімділік пен ізеттілік (Муснад, V, 154, 167, 178; Бухари, Мазалим, 24; Тирмизи, Бирр, 36; Əбу Дəуіт, Татауву, 12). «Су отты сөндіргендей садақа күнəларды өшіреді» (Тирмизи) Бұл садақаның басты артықшылықтарының бірі. Садақа арқылы күнəлардың кешірілуі хадистерде жиі айтылады. Ғалымдар бұл жерде кішігірім??? күнəлар туралы айтып отырмыз деп түсіндіреді. Үлкен күнəлар тəубемен ғана кешіріледі. Ұсақ күнəлар – көзге көрінбейтін істер. Сондықтан күнді кішігірім күнəларсыз аяқтау үшін əр түрлі формада күні бойы садақа беру жақсы тəжірибе. «Садақалардың ең жақсысы – Рамазан айында берілген садақа». (ат-Тирмизи) Бұл хадис Рамазан айында зекеттің қадірінің арта түсетінін көрсетеді. Рамазан
Скачать книгу