Аннотация

Музейлік Электронды сөздікте  әлем елдері музейлеріндегі ақпараттық технологиялар, музей қорларын өңдеу бағдарламалары, әлем елдері музейлерінің қалыптасу тарихы, экспозициясының ерекшелігі, әлем таныған шеберлер және олардың шедеврлік туындылары, виртуалды музейлер, олардың ғаламтор жүйесіндегі сайттары, музейлік этнография, музейлік археология, музейлік деректану, каталогтау, музейдегі ғылыми-зерттеу жұмыстары мәселелері қамтылған.  Музейлік сөздік «5В041900 – музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығы студенттері, «6М041900 – музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығы магистранттарына, музей және ескерткіштерді қорғау мекемелерінің қызметкерлеріне, оқытушыларға арналған.

Аннотация

Монографияның 1-томында ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басында Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан Перовск, Қазалы уездерінің саяси-əкімшілік бөлінісі, əкімшілік ережелері мен ауылдары сипатталған. Сонымен қатар Сыр өңірінің этностық құрамы, тарихи дəуірлерде орын алған миграциялық ағымдар, өңірге тəн дəстүрлі шаруашылық, мерзімдік көші-қон, тарихи демографиясы кешенді түрде қарастырылған. Еңбек тарих саласы мамандарына жəне осы мəселеге қызығушылық танытатын ғылыми қызметкерлер мен көпшілік оқырманға арналған.